Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңы ардагерлерге әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыруда негізгі құжат болатыны айқын.
Ардагерлердің статусы белгіленген, әлеуметтік қолдау шаралары, жеңілдіктер, еңбек ардагерлеріне берілетін марапаттар, олардың мәртебелері көрсетілген Заң бізге ұзақ мерзімге қызмет жасайды деген сенімім мол.
Заңда Ардагерлердің жесірлері мен отбасыларына ерекше қолдау білдірген нормалар да ескерусіз қалмаған.
Қарғабаев Бектен Әбішұлы,
Шу қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшесі, Ядролық сынақ мүгедектері мен ерекше тәуекелді бөлімшелері қоғамдық бірлестігінің жетекшісі.