A place where you need to follow for what happening in world cup

Енесі келінін ашуландыру үшін тойға ақ көйлек киіп келген

435

Енесі келіні мен ұлының тойына ақ көйлек киіп келіп, қалыңдықтың көңіліне қаяу түсірген. Оқиға АҚШ-тың Огайо штатында болған, деп жазды The Sun.

Атын жасырып қалуды жөн көрген әйел енесінің суретін жариялады. Онда әйел ақшыл сары түсті, декольте мен шлейфі бар, шілтерлі көйлек киген.

Қалыңдық енесінің бұл қылығын түсінбегенін және қатты ашуланғанын айтты. Себебі әйелдің үстіндегі көйлек нағыз қалыңдықтың көйлегін еске салады.

«Оның арам ойы бардай көрінді», –  деп жазған жас келін.
Айтуынша, алғашқыда әйел көйлекті қызының тойына кию үшін алған. Алайда қызы бұл киімнен бас тартуды сұрапты. Не істерін білмеген қалыңдық көпшіліктің пікірін сұрады.

«Бұл ісі бекер емес», «Басқа түстісін таңдағанда, мұндай мәселе туындамас еді. Бірақ ақшыл сары? Жоқ», «Әдемі және орынды деп айтар едім, бірақ шлейфті санамағанда», «Қалыңдықтан басқа адамдардың шлейфпен келгені дұрыс емес», — деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.