A place where you need to follow for what happening in world cup

Елордада 10-қабаттан құлаған баланың жағдайы белгілі болды

57

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлап кеткен бес жасар қыздың жағдайын айтты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, бала түрлі дене жарақатын алған.

«31 шілдеде ауруханаға 2017 жылы туған науқас жеткізілді. Бала нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Түрлі жарақат алған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Ол жансақтауда ем қабылдап жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйдің 10-қабатынан құлап кеткен бес жасар қызды сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қағып алған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.