Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД-158/1 мекемесiнде «06 шілде Астана күні» мерекесіне орай спорттық іс-шара ұйымдастырылды. ҚР ІІМ 13.08.2014 жылғы «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргiзу қағидасын бекіту тіралы» №508-бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Осы жұмыстардың бiрi сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдық-этикалық түсінікті арттыру, сотталғандардың салауатты өмiр салттарын арттыру болып табылады. Осыған сәйкес Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесiнде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi бөлiмшесінің қызметкерлері шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы және оқшауланған аймақтағы сотталғандармен «06 шілде Астана күні» мерекесiне орай мекеме бастығымен бекітілген жоспарға сәйкес спорттық іс-шарасы өткізілді. Атап айтқанда шахмат,шашки, қол курес, турникке тартылудан, волейболдан сотталғандар арасында кішігірім жарыстар ұйымдастырылды, яғни жеңiмпаздар анықталып марапатталды.
Сонымен қатар «06 шілде Астана күні» мерекесiне орай сотталғандарға Халқымыздың салт-дәстүрін көрсете отырып Астана қаласының тарихынан бейнеролик, яғни потриоттық көркем фильмдер «Ерке Есілдің самалы», «Астанаға көктем кеш келеді>> деген сияқты қысқа метражды шығармалы фильмдер көрсетiлдi.
Әділхан Оразымбетов,
ЖД-158/1 мекемесiнiң
Арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi
әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің бастығы, әділет майоры