A place where you need to follow for what happening in world cup

Еліміздің тұтастығын сақтау — әрбір азаматтың парызы

366

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай салтанатты жиын өтті.

Жиында департамент бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков жиналғандарды мерекемен құттықтап, ҚАЖ саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген қызметкерлерді марапаттады. Атап айтқанда, бірқатар қызметкерлерге «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі және «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісі сондай-ақ Ішкі істер министрінің, ҚАЖ комитеті Төрағасының және департамент бастығының Грамотасымен алғыс хаты табыс етілді.

— Отан алдындағы борышты өтеу мен адал қызмет ету – абыройлы іс. Туған жердің шебін күзетіп, тұтастықты сақтау – әрбір азаматтың қастерлі парызы. Еліміздің тыныштығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қасиетті борыш, жоғары жауапкершілік.
Біз – тұтас тарихы, қаһармандық дәстүрі қалыптасқан жұртпыз. Батыр бабаларымыз осынау кең байтақ жер үшін шайқасып, ұрпағына мирас етіп қалдырды. Ал, кешегі аталарымыз бен әкелеріміз сұрапыл соғыста жеңіске жетті.
Бүгін ант қабылдаған жас қызметкерлер алдыңғы аға буыннан үлгі ала отырып, өз сертіне адалдық танытады және егемен еліміздің қорғаныс жүйесін бекем ұстап, сырттан келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге әрдайым сақадай-сай дайын болады деп сенемін, — деді Т.Жәнібеков.

Айта кетейік, бұл күні 10 жас қызметкер ант қабылдап, ҚАЖ саласының қызметкері атанды. Жиын соңында сөз алған ҚАЖ саласының ардагері Шамхан Каипов көрсетілген құрметке алғыс білдіріп, жас қызметкерлердің болашақ өміріне сәттілік тіледі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.