A place where you need to follow for what happening in world cup

Еліміздегі ең жас басқарма басшысы – Жамбылда

28 774

Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы «27» қаңтардағы №18-Ж/Қ өкімімен Президенттік жастар кадр резервінде тұрған Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспектор болып тағайындалды.

Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы туған, білімі жоғары. 2015 жылы Жоғары Бизнес мектебін – Ұлттық Луис университетін (WSB-NLU, Польша) «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы «Даке барлау» ЖШС-нің кадр бөлімшесінің инспекторы болып бастаған.

2012-2014 жылдары «Даке барлау» ЖШС-нің кадр бөлімшесінің басшысы, 2015-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының сарапшысы, 2017 жылы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Экономика, қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, 2017-2019 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, басшысы, 2019 жылы ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмыстары басқармасының бас сарапшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.