A place where you need to follow for what happening in world cup

Елдік тойына тарту

318

Таразда облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс жобасы жалғасын табуда. Биыл  Тараздың 30-дан астам көшесі жөнделуде.  Оған бюджеттен 1 млрд. 120 млн.тг. қаржы қарастырылған. Бүгінде Б.Момышұлы көшесі күрделі жөндеуден өтсе, көптеген көшелер мен бұрылыстарға асфальт төселуде.

Сондай-ақ, қалада 30 жылдыққа орай 30 спорт нысаны салынуда. Оның 13-і «Таразға тарту» жобасы аясында ел игілігіне берілді. 4 жаңа футбол алаңы мемлекет есебінен салынса,  Мұз айдыны, Бокс сарайы, Үстел теннисі мен гимнастика орталығы т.б. нысандар бар.

30 жылдыққа орай 30 балалар алаңы ашылады. Оның 13-і «Таразға тарту» жобасы аясында берілсе, 12-сі мемлекет және 5-уі демеушілер есебінен салынуда. Алаңдар 3 жас ерекшелігіне, яғни 2-7 жас, 7-14 жас және 14-тен жоғары болып бөлінген. Қауіпсіздік үшін арнайы жабындылар төселіп, жаттығуға қажетті құралдар орнатылған.

30 жылдыққа орай 30-дан астам көшені жарықпен қамтуға 200 млн.тг. бөлінді. Бұл қаражатқа биыл 34 көше жарықтандырылады. Әсіресе, мектептер мен балабақшаларға барар жолдарға баса назар аударылады.

Қалада  2021-2023 жылдарға арнайы жоспар бекітілген.  Алдағы 3 жылда 207 нысан жарықтандырылса, 230 көше мен бұрылыс (261,8 шақырым) көше жөнделіп, 241 аула абаттандырылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.