Жуырда Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында теологтар мен дін саласы мамандарына арналған біліктілігін арттыру курстары өткізілді. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.
«Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас болуымен өткен әлеуметтік жоба аясында дәрістер елімізде енгізілген карантиндік ережелерге сәйкес, санитарлық талаптарды бұзбау мақсатында қашықтықтан берілді.
«Zoom» бағдарламасы арқылы өткізілген оқыту курсына еліміздегі алдыңғы қатарлы дін саласындағы жоғары білікті мамандар тартылды. Тәжірибелі мамандар еліміздің түкпір-түкпірінен дін саласында жұмыс жасап жүрген 190 маманға 16 пән бойынша сабақтар өтті. Дәрістер барысында білім алушылар ұстаздармен өзара байланыс орнатып, көкейіндегі сұрақтарын жолдап, ұсыныстарын айта отырды. Өз кезегінде, оқытушылар қатысушыларға оқу бағдарламасындағы пәндер бойынша қажетті дәріс материалдарын қосымша меңгеру үшін жолдап отырды.
Дәріс алған мамандар оқыту курсы өз қызметтерінде жұмысын жоғары дейгейде жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтты.
Жоба қорытындысы бойынша курс барысында дәріс алған қатысушыларға біліктіліктерін шыңдағанын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.