A place where you need to follow for what happening in world cup

Ел бірлігі – ең асыл қасиет

1 825

Бүгінгі таңда біздің елімізде көптеген ұлттар тұрады, олар бір-бірімен тату-тәтті араласады. Берекелі ел болуымыз  үшін ынтымақ пен бірлік қажет.
«Бірлік қайда болса, ерлік сонда, еркіндік қайда болса, елдік сонда» демекші аудандағы саяси ахуалды зерделеуге қатысты жиын М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясында жалғасты.
Онда аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова жиынның басты мақсаттарына тоқталып өтті.

«Бірлік. Ынтымақ. Татулық» ұранын көтерген жиында  3-шағын аудан тұрғыны Бақыткүл Жарас:

– Бүгінгі таңда Қазақстан халқы ынтымағы жарасқан, бірлігі берік ел екенін көрсетіп отыр. Соңғы кездері бірлік сөзін жиі айтып жүрміз. Елдің барлығы бізге бірлік керек деп жатады. Ел болған соң, бірлік бізге ауадай қажет. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген аталы сөз соның айғағы іспеттес. Бірақ та бүгінгі алмағайып заманда сол сөздің қадірін, мағынасын ғана біліп қоймай оны қалай жасау керектігін түсінгеніміз абзал. Сондықтан осындай жиындар жиі өтіп тұрса,-деген ізгі ниетін жеткізді.
Содан соң жиналғандар тарапынан «Жаңатас қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналарға 2019 жылдағыдай жатақхана ретінде бос үйлер қалыпқа келітіріліп берілсе» деген көпшілік көкейіндегі ұсыныстар айтылды.
Семей ядролық сынақ полигонының ардагері Жеңісбек Әмірбеков сөз сөйлеп:

– Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Ел бірлігі дегеніміз ең алдымен қазақтың бірлігі, елімізде өмір сүретін өзге ұлт өкілдерінің бірлігі. Біздің елімізде тұратын 130-дан астам этнос өкілі бір шаңырақ астында уыздай ұйып, өзге мемлекеттерге отансүйгіштіктің, бірліктің үлгісін паш етуде. Демек, бейбітшілікті аңсап, ынтымақтастыққа ұмтылып отырған әлем халықтарына үлгі бола аламыз. Сонымен бірге, барлығымызды елімізді өркендету жолындағы ортақ мүдде, ортақ мақсат бір арнаға тоғыстыруда.
Дүйім дүние дүрбелеңге түскен қазіргі таңда оның өзектілігі, тіптен арта түсуде. Қазақстан халқы қазір ынтымағы жарасқан, бірлігі берік ел екенін көрсетті.
Алдымызда әлі бағындырар асу көп. Біздің мұратқа жетуіміз еліміздегі бейбітшілікке, рухани тұтастығымызға, қоғамдық келісімді сақтауымызға байланысты. Ел бірлігін сақтау өте күрделі іс. Ол үнемі жетілдіруді, заманауи сын-қатерлерге уақытында тойтарыс беріп отыруды қажет етеді. Осы орайда, Елбасымыздың ұстанып отырған саясатының дұрыстығын өмірдің өзі көрсетуде. Көп тілеуі-сыйластық пен татулық,- деп жиынның маңыздылығын арттыра түсті.
Басқосу барысында көптеген маңызды мәселелер айтылып, Қордайда болған оқиғаға қатысты елдің ынтымақ бірлігін нығайту керектігі кеңінен айтылды. Елдің ертеңі, елдігі де береке, бірлікке қатысты деген сөздер айтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.