A place where you need to follow for what happening in world cup

«Еңбек» бағдарламасы іске асырылуда

323

Бағдарламаның І бағыты – «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» аясында Республикалық  бюджеттен 29 621,0 мың теңге қаражат бөлініп, 150 адам оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 152 азамат оқуға жіберіліп, 24 азамат оқуын бітіріп, сертификаттарын алды.

Бағдарламаның ІІ бағыты – «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 135 азаматқа шағын несие берілу жоспарланып, оған 512 200,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан» 39 азаматқа 164 200,0  мың теңге мал өсіру бағытымен шағын несие алды. Республикалық бюджет есебінен қайтарымсыз грант 350 азаматқа 185 542,0 мың теңге берілу жоспарланып, бүгінге күнге 130 азаматқа қайтарымсыз грант берілді.

Бағдарламаның ІІІ бағыты – «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында.

Жастар практикасына 160 078,0 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде жергілікті бюджеттен 20900,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 139 178,0 мың теңге. Жастар практикасымен 409 адамды қамту жоспарланды. Бүгінгі күнге барлығы 117 жас маман жастар практикасына жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орнына 17338,0 мың теңге бөлініп, 82 адамды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланды. Бүгінгі күнге 55 адам уақытша жұмысқа жіберілді.

Қоғамдық жұмысқа 91 304,0 мың. теңге бөлініп, 350 адамды уақытша жұмысқа тарту жоспарланған. Қосымша республикалық бюджеттен 2144 азаматқа 728 960,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге  2529 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама алды.  «Инфрақұрылымды және  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты  дамыту есебінен жұмыспен  қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 13 нысанға 105 адамды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге 6 нысанға 39 азамат уақытша жұмыспен қамтылды.

 Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша 60 нысан нысанға Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 724 адамды оның ішінде 507 тұрақты, 217 уақытша жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 60 лот болғанымен онда 163 нысан бар,оның 128 нысаны жол жөндеу болып табылады. Бүгінгі күнге 59 нысан өз жұмысын бастап, 630 адам жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамту орталығы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.