A place where you need to follow for what happening in world cup

Дулати университетінің жайдарманшылары республикалық ойында бақ сынайды

21 601

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Сүйікті қалам Таразым!» атты жайдарлы жастар арасында Жайдарман ойыны өтті. Шаһар басшысының кубогіне Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан, сондай-ақ жергілікті командаларды қосқанда 7 топ өнер көрсеткен болатын.

Дулати университетінің «Қарасаз» командасы да ойында бақ сынады. Қазылар алқасының көңілінен шыққан қағытпа қалжыңдары мен ұтымды ойларының нәтижесінде студенттер үздік үштіктен көрінді.

Дулати университенің ректоры Мұхтар Байжұмановтың қабылдауында болған студенттер жетістіктерін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
– Жайдарман ойындары қазіргі уақытта кеңінен таралған жоба. Университетте ұйымдастырылған факультет немесе қалалық ойындардың өзі бізге көп мүмкіндік сыйлайды. Қазіргі үлкен сахналарда еркін әрі ұтымды ой айта алуымыз өткен ойындардың жемісі деп білеміз. Алдағы уақытта Шымкент қаласында Республикалық Жайдарман ойындары өтеді. Сол жарыста бақ сынап көруді жоспарладық, дейді команда капитаны Данияр Қалышов.

Жастардың ой-өрісін кеңейтіп, көңіл-күйлерін көтеретін Жайдарман ойындары қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие. Осы жоба арқылы қаншама жас өзінің болашағын жарқын етуде. Саяси жаңалықтармен хабардар болуға осы көңілді тапқырлар алаңының тигізер әсері мол.

Университет ректоры М.Қазыбекұлы жастарды жеңісімен құттықтап, алдағы ойындарда бірінші орын иеленулеріне тілектес екенін жеткізді. Сонымен қатар, ізденімпаз жастарға әрдайым қолдау білдіретінін айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.