A place where you need to follow for what happening in world cup

Дулати университетінде Ұлттық ойындар фестивалі өтті

2 548

Нағыз бұқаралық сипатқа ие ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылатын жарыс — салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісі. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық ойындарымызды дамытуға арналған студенттер арасында өткен бәсекенің түпкі мақсаты да осы болды.

Жарыста жастар асық ату, шекемтас, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сынды ойындарда өзара бәсекеге түсті.
Инститтуттар мен факультеттерден құралған командылық 7 топтан жалпы 35 студент қатысып, «кім мықтыны» анықтады.
Ұлттық спортты студент жастардың арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жарыс нәтижесінде барлық командалық топтар жоғары деңгейде спорттық бабында екендіктерін көрсетті.

І, ІІ, ІІІ орын алған студенттерге дипломдар мен медальдар және ұлттық үлгіде жасалған тапсырылды. Сонымен қатар барша қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Әсем САНСЫЗБАЕВА

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Журналистика» мамандығының 4-курс студенті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.