A place where you need to follow for what happening in world cup

Дертке дауа дәрігерлер

339

Жалпы әлем ауыздықтай алмай жатқан коронавирус індетінің алғашқы толқыны бұрқ ете қалған сәтте біз кемпіріміз екеуміз аурухананың «Нейроинсульт» бөліміне бірге жаттық. Аузымызды бетпердемен тұмшалап, қолымызға медициналық қолғапты киіп ауруханаға келгенімізде темірдей қатал тәртіпті көзіміз көрді. Әр палатаға тек екі адамнан артық жатқызбайды. Бөгде адамға кіруге болмайды, тіпті ағайын-туыстардың сәлем сауқатын да сырттан қабылдап алады. Асханаға міндетті түрде медициналық масканы тағып үш мезгіл өзің барасың және арақашықты сақтап отырасың. Тура әскердегі госпиталь дерсің. Бас мейірбике Кенже Бегімбаева кезекшілік ауысымдарын, ауруханадағы санитарлық тазалықты, науқастардың жағдайын жіті бақылауда ұстайды. Бір күнде үш кезекші ауысыммен істейді және уақытылы укол, системаларымызды салып тұрды. Өз ісінің маманы дәрігер-навропатолог Ғани Байсымақов та бізді бақылауынан тыс қалдырған емес. Бұдан бөлек, мейірбикелер Алтын Ертаева, Гүлжазира Бекбауова, Эльмира Махмудова, Марал Дәділқызы, Арай Абилдаева, Ләззат Тукибаева, тазалықшы қыздар Салтанат Қыпшақбаева, Гүлзада Текебаева және медаға Нұрдос Жұмырбаевқа, сондай-ақ Рыскүл Бұтабаева, Бақыт Айдаралиева, Гүлмира Түгелбаева, Жұпар Каримовалардың өз істерін жауаптылықпен атқарғанына тәнті болдым және алғысым шексіз. Балтырымыз сыздап, басымыз ауырғанда шипа іздеп баратын барша ақ халатты абзал жандарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілеймін. «Сақтансаң, Құдай сақтайды» деген рас. Елімізде ушығып тұрған аты жаман індетті ел болып, жұрт болып бірге еңсерейік. Шектеу шараларына немқұрайлы қарамайық! Ел ағасы ретінде күнде алақан жайып, Алладан еліміздің амандығын тілеймін!

Шоңбағыс Мазабеков, зейнеткер.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.