A place where you need to follow for what happening in world cup

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі

532

Ол үшін әрине салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану керек-ақ. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесінің қызметкерлері бүгінде бұл үдеден шығып жүр.

Мекеме бастығының кезекші көмекшісі Әділет Сабырұлы жанына жастарды топтастырып, кешкілік бір мезгіл футбол ойнауды әдетке айналдырған. Олар ойын барысында ҚАЖ қызметкерлерінен жасақталған командалар арасында өзара жолдастық кездесу ұйымдастырып, кім мықтыны анықтайды.

Әділет Сабырұлының айтуынша, мұндай шара біріншіден, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырса, екінші жағынан оларға өздерін басқа қырынан көрсетуіне мүмкіндік береді. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Себебі, жастардың тәртіп-тәрбиесі – аға буынның назарынан түспек емес.

Еркебұлан Садунов,
ЖД-1581 мекемесі кадр саясаты бөлімшесінің аға инспекторы әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.