Қаламыздағы дәріханаларда еріктілердің күшімен call-center жұмысы бастау алды.
Сall-center желісінің негізгі мақсаты – тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмеу.
COVID-19 пандемиясының таралуына байланысты тұрғындар дәріханаларға жиі барып, дәрі іздеуде. Осының салдарынан дәріханалардың алдында карантин талаптарын сақтамай адамдардың көптеп шоғрлануы орын алуда. Ал еріктілердің күшімен ұйымдастырылған call-center желісі дәріханадағы препараттың бар немесе жоқ екендігін үйден шықпай-ақ білуге мүмкіндік береді.
Сall-center желісі қаламыздағы ірі және халық көп келетін 20 дәріханада жұмыс жасайды. Төменде call-center желісі нөмірлері көрсетілген.