Елдегі карантинге байланысты, медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар ауысымнан-ауысымға жанталасып, отбасына, туған-туыстарына уақыт бөле алмай, талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып жүр. Соңғы уақытта бұл көрініс дәрігерлердің өмірін күрделендіре түсті. Сондықтан елдегі қиын қыстау кезеңде олардың жанынан табылып, барынша қолдау көрсету — қоғамның басты міндеті.
Осы орайда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Н. Жұманалиев мекеме медицина бөлімінің бастығы, әділет капитаны Гүлшат Медетбекова және бөлім мейірбикесі Бота Сәдірмекті 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ақ тілегін ақ қағазға түсірді.
Өз сөзінде жазасын өтеуші денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне зор денсаулық тілей отырып, олардың қызметіне сәттілік тілеген.