A place where you need to follow for what happening in world cup

Дәрігерлердің де еңбегі еленуі қажет

208

Ұлт көшбасшысы Қасым Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында мұғалімдердің мәртебесімен қоса дәрігерлердің де еңбегінің еленуіне атсалысу қажет екендігін жеткізді. Қоғам өміріндегі маңызы бар мамандықтардың ішінде арқалаған жүгі ауыр қос саланың қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен өсіруді тапсырды. Осыған дейін ұстаздардың жалақысы айтарлықтай көтеріліп, ЖОО мұғалімдерінің айлығы мектеп мұғалімдерімен салыстырғанда әлдеқайда аз екендігін ескерген Мемлекет басшысы бұл мәселеге де көңіл бөлді. Бүгінгідей сананы тұрмыс билеген тұста халықтың әлеуметтік жағдайы жақсы болуы үшін Президентіміздің қоғамда маңызы зор мамандық мамандарының мәртебесіне мән беруі көрегендік деп білемін. Ендігі кезекте қос саланың қызметкерлеріне артылатын міндет өз мамандықтарын жанымен сүйіп, сапалы қызметтің барлық үдесінен шығуы үшін ізденуге толықтай жол ашылды деп ойлаймын.

Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері
Шырын Тоққожаева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.