A place where you need to follow for what happening in world cup

Черногорияда отбасылық жанжалдан кейін ер азамат 10 адамды атып өлтірді

174

Черногорияның Четинье қаласында ер азамат отбасында болған жанжалдан кейін он адамды атып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тағы алты адам оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Көз жұмғандардың арасында екі бала бар.

«34 жастағы Четинье тұрғыны үй жалдап тұратын отбасыға оқ атқан. Аңшы мылтығымен ол сегіз және он бір жастағы екі баланы, олардың анасын атып тастаған. Әйел алған жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмды”, – деді республикалық полиция департаментінің бастығы Зоран Брянин

Ер азамат одан кейін көшеге шығып, сол мылтықтан қала тұрғындарына оқ атқан, тағы жеті адамды өлтіріп, алты адамды жаралаған.

Келген полиция мен ер адамның арасында атыс болып, бір тәртіп сақшысы ауыр жарақат алған. Полиция атыс шығарған 34 жастағы атып өлтірген.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған.

Черногория билігі оқиғаға байланысты үш күндік аза тұту жариялаған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.