2020 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 05.00-де Тараз қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторы Азат Әбіл камерадан белгісіз заттарды тасып жүрген, іс-әрекеттері күдік туындатқан адамдарды байқаған.
Инспектор жағдайды бірден патрульдік экипажға баяндайды. Патрульдік полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келіп, күдікті үш азаматты ұстады. Түсінік алу барысында 19 және 20 жастағы азаматтар заңсыз түрде букмекерлік кеңсенің есігін бұзып кіріп, алты теледидарды сыртқа алып шыққандығы анықталды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық