A place where you need to follow for what happening in world cup

Ботокс жасату шариғат заңдарына қарсы ма? Имам жауап берді

658

Шариғат бойынша дененіңіздегі туа біткен кемшіліктерді жасыру үшін косметологиялық қызметке жүгінуге болады. Сондай-ақ, түрлі жағдайдан кейін денеңіз бен бетіңізде пайда болған тыртықты кетіруге де Ислам рұқсат береді. Бірақ имамдар табиғи әдемілікке көңілі толмай, өзгертулер жасағандарға қатаң ескерту жасайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына. 

Айнұр Азаматқызының жасы отыз екіде. Ол түрлі косметологиялық қызметтерге отыз жасқа толған соң жүгіне бастаған. Айтуынша, отыз жастан асқаннан кейін қыз-келіншектердің беттерінде әжім мен жастық шақтың әдемілігі кете бастайды. Сондықтан Айнұр беттегі әжімді тартатын иненің көмегіне жүгінуіне тура келеді екен.

“Шыны керек мен осы ботоксті жылына екі рет жасатамын. Бұның пайдасы болмаса, ешқандай бір зиянын көріп тұрғаным жоқ. Жақсы жақтары өте көп. Мына мандайдағы көз айналасындағы әжімдерімді ештеңе болмағандай бір мезетте алып тастайды”, – дейді тұрғын Айнұр Азаматқызы.

Имамдардың айтуынша әйел адамның табиғи әдемілігін өзгертетін дүниелер шариғатқа қарсы келеді. Ол құранда да жазылған. Бірақ адам бойындағы кемшіліктерді жоятын әрекеттерге шариғат рұқсат береді дейді.

“Ислам дінінде Алла Тағаланың берген табиғи денесін өзгерту ол Жаратушыға қарсы келу болып табылады. Сондықтан әсемдік үшін, көзбояшылық үшін денеге ботокс жасатуға шариғатта толықтай тыйым салынған. Ал егер де туа да біткен кемістік болатын болса, адамның оны дұрыстау мақсатында осындай жағдайларға бас ұруға шариғат рұқсат берген”, – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Әнет Баба мешітінің ұстазы Юсуф Шұғайұлы.

Косметолог мамандардың айтуынша, қазір әжімді кетіруге арналған ботоксқа жүгінетін нәзік жандардың саны жылдан жылға артып барады Сондай-ақ, ботокстың емдік мақсатта қолданатын түрі де бар дейді. Ол көбіне науқас жандардың бетінің қисайып кетуіне қарсы қолданады екен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.