A place where you need to follow for what happening in world cup

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы

105

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (әрі қарай — ҚАЖД) орта және кіші басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

Қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек сіңірген жылдары жеңілдік шарттарымен 1 жыл 1,5 жыл болып есептеледі.

Құжаттар хабарландыру шыққаннан кейін он жұмыс күні ішінде төмендегі мекен-жайда қабылданады: 008000, Тараз қаласы, Төле би даңғылы 147 А, анықтама үшін телефон, факс: 8 (7262) 45-11-82, duis.zhambyl.kz.

Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар қатысады.

Категория

Еңбек өтіліміне байланысты лауазымдық жалақысы, тенге

Азы

Көбі

C – SGU — 12

102420

120000

C – SGU — 13

99400

115825

C – SVR — 8

101420

120000

C – SV — 13

95918

115000

1. ҚАЖД № 25,59 мекемелерінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитарлық дәрігері (C–SGU-12) (орта басшы құрам) – 2 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Қызметтік міндеттері: ҚАЖ мекемелерінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына қадағалау, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

2. Шу, Қордай аудандық пробация қызметінің инспекторы (C-SVR-8), (орта басшы құрам) – 6 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеуші адамдарға

қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындайды. Бақылау мерзімдік кәртішкелерді және сотталғандардың жеке істерін арнайды. Пенитенциарлық пробация қызметіндегі сотталғандардың мекен-жайларын тексереді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі арнайы орта, жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

3.ҚАЖД № 26 мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы (C–SV–13) (кіші басшы құрам) – 2 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Сотталғандардың қашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, сертификаттың болуы, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

4. ҚАЖД № 59 мекемелерінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы жөніндегі бөлімінің психологиялық қамтамасыз ету тобының инспектор-психологы (C–SGU-13) (орта басшы құрам) – 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Қызметтік міндеттері: Сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізеді. Жазасын өтеуші азаматтардың қоғамға бейімделуіне тәрбие және әлеуметтік көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

3. ҚАЖД № 67 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің инспектор-психологы (C–SGU-13) (орта басшы құрам) – 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Қызметтік міндеттері: Жеке құрам арасында тәрбие жұмысын жүргізеді. Жас қызметкерлерді қызметке бейімделуіне тәрбие және әлеуметтік көмек көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары кәсіби, сертификаттың болуы, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

ҚАЖД № 67 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы (C–SV–13) (кіші басшы құрам) – 26 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Қамаудағы және сотталғандардың қашуына және басқада төтенше жағдайды болдырмаудың алдын-алады. Күдіктілермен Сотталғандардың ішкі күн тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі орта, сертификаттың болуы, жасы — 35 тен аспаған, ер-азаматтарға: әскери қызмет өткерген немесе әскери даярлықтан өткен, ерлерге бойы – 170 см. кем емес, әйелдерге – 160-165 см. кем емес.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.