A place where you need to follow for what happening in world cup

«Бизнестің жол картасы-2020»: қолдау мен дамыту

197

Мемлекет басшысы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында әлемдік тәжірибені ескере отырып, елде микро және шағын, орта кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берген. Шағын кәсіпкерлік – ауылды дамытудың берік негізі екеніне тоқталған Президент, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау бойынша тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Жеңілдетілген несие көлемі­нің ұлғайтылуы белгілі бір кәсіппен айналысқысы келетін азаматтардың ынтасын арттырғаны анық.

Жалпы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың барлығы да ел экономикасының әлеуетін арттыруға жұмылдырылған. Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қабылданған бағдарламалар да жалғасын табуда. Соның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы. Бұл ең алдымен өңірімізде қолға алынған жобалардың табысты жүзеге асуына жол ашып отыр.

Бұл бағдарламаның басталғанына да он жыл болды. Оның басты мақсаты – кәсіпкерлерді қолдап, кәсіпорындардың әлеуетін арттыру. Бағдарлама қаржылық қолдаудан басқа, инфрақұрылымды дамытуға да бағытталған. Өткен он жыл ішінде көптеген Қазақстандық, соның ішінде біздің өңірдің тұрғындары оның шарапатын көрді.

Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері өңірімізде барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 106,0 миллиард теңгені құрайтын 1788 жоба жүзеге асырылған. Ал өткен жылы 9,1 миллиард теңгенің  420 жаңа жобасы қолға алынды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста кәсіпкерлік қолдау картасына жалпы құны 606 млрд.теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба енгізілген. Бүгінде 53,2 миллиард теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 2033 жұмыс орыны ашылды.

Оның ішінде айта кететін болсақ, «Сауле» кондитерлік фабрика ЖШС-і  ҚР 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша екі кезеңде жүзеге асырылды, және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымды (электрмен жабдықтау) жүргізуге 10 пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға мемлекеттік қолдау алып, қазіргі уақытта кәсіпорын кондитерлік өнімдердің кең спектрін шығаратын үш өндірістік желіні (вафли, печенье, шоколад глазурі) іске қосты. Қазіргі таңда  кәсіпорын 800 тоннадан астам өнім өндіріп, өндірісті арттыру мақсатында шектес елдердің нарығына шығаруда.

Сондай-ақ, «Greenwill» ЖШС-і Республикада алғаш рет аквопоника технологиясы негізінде симбиозда агро және ихтио мәдениет өсіру бойынша оңтүстік кореялық жаңа инновациялық технологиясын енгізді. «KazMiya» ЖШС-і  Мия тамырын (тәтті түбір) өңдеу бойынша зауыт құрылысының жобасын іске асырды, және «Асыл тұз» ЖШС-і ас тұзын өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасын іске асырды.

Енді алдағы бес жылда 552,52 миллиард теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны жүзеге асырылу жоспарлануда. Бұл жобалар жүзеге асырылса облыста 5 мыңға жуық жұмыс орыны ашылатын болады.

Бұған дейін бағдарлама аясында іске асырылған инвестициялық жобалар өз нәтижесін берді. Атап айтсақ, осыдан бес жыл бұрын жалпы құны 7 миллиард теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 371 жаңа жұмыс орыны ашылған болатын. Қазіргі таңда «Әулие-Ата Феникс», (Құс фабрикасын модернизациялау және қайта құру) , «Жамбыл Недр» (Цемент зауытының құрылысы), «Полителен — Агро» (Полиэтилен қабықшасын өндіретін зауыт)  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Golden Compass Capital» акционерлік қоғамы (Құрамында алтыны бар кенді қайта өңдейтін зауыт) жұмыс істеуде.

Бұдан бөлек, 2016 жылы 18,7 миллиард теңгені құрайтын 8 инвестициялық жоба іске асырылса, 2017 жылы 11,7 миллиард теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске асырылып, 646 жаңа жұмыс орыны ашылған.

2018 жылы 10 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып,  481 жаңа жұмыс орыны ашылып, жұмыссыздар жұмыспен қамтылған. 2019 жылы 5,8 миллиард теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ал осы жобалардың аясында 191 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Биылғы жылы 129,6 миллиард теңгені құрайтын 15 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Осы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында 1892 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.

2021 жылы 421,4 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асырып, 3089 адам жұмыспен қамту жоспарлануда. 2025 жылы 1,5 миллиард теңгені құрайтын 1 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 35 жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр.

 

Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және

индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.