Кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетем деген азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар бар. Осы тұрғыда бизнес ортаны дамыту және жақсарту мақсатында елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Төтенше жағдайға байланысты «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Мойынқұм аудандық филиалында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту уақытша тоқтап, 14 азаматың Бизнес жобаларын қорғау кейінге шегерілген болатын. Осыған байланысты аудандық жұмыспен қамту орталығының мәжіліс залында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалында оқып өз кәсібін ашам деген жұмыссыз азаматтар арсында «Бизнес» жобасын қорғау жұмыстар жүргізілді.
Өз қаржылық сауаттылықтарын дамытып, әл-ауқатын жақсартуды көздеген жұмыссыз азаматтардың бизнес көзін ашам деген ниеттері Бизнес жобаларын қорғау барысында байқалды.
Бүгінгі күнге мал шаруашылық кәсібін кеңейтемін деген 23 азаматқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жолдама берілген, оның 9- ы 37,7 млн. теңгеге мүйізді ірі қара алып шаруашылықтарын кеңейттіп отыр. Биылғы жылға қайтарымсыз грант бойынша 110 адамға 61,4 млн. теңге қаржы қаралған. Ал сәуір айында атаулы әлеуметтік көмек алушы 4 отбасыға, 29 дейінгі жастағы 4 азаматқа 555,0 мың теңге қайтарымсыз грант беріліп, барлығы уақ малды көбейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ шағын несие және қайтарымсыз грант алғандар нәтижесінде 180 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Аудан бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 129 азаматты оқыту жоспарланса, кәсіпкерлік бастамаларды несиелендіруге 64 азаматқа 237,0 млн, теңге көлемінде несие беру межеленген.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық