A place where you need to follow for what happening in world cup

Биыл Абай облысында орман өрті екі есе төмендеген

62

Бұл туралы Абай облысының әкімі Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.

Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының «Семей Орманы» орман табиғи резерватының жұмысымен танысты.

Резерват 1968 жылы құрылған. Жалпы ауданы 52,767 гектарды құрайды.

«Облысымызда орман болғандықтан, тілсіз жаудың болатыны анық. Бірақ биыл абырой болғанда ірі көлемде өрт болған жоқ. ТЖД мамандарына алғыс айтамын»,- деді Нұрлан Ұранхаев.

Биыл Абай облысында орман өрті екі есе төмендеген

Кездесу барысында қызметкерлер облыс басшысынан суару жүйесін ауыстыруға көмек сұрады.

Сонымен қатар, Абай облысының әкімі Бородулиха колледжіне барды. Бүгінгі таңда мұнда 140 студент білім алуда. Колледж жанында 2007 жылы пайдалануға берілген жатақхана бар. Проблемалық мәселелердің бірі – колледж бұрынғы тұрмыстық комбинаттың бейімделген үй-жайында орналасқан. Оқу корпусы мен жатақхананы жөндеуге қаражат қажет.

Нұрлан Ұранхаев Жезкент кентіндегі «Востокцветмет» ЖШС өндірістік кешенінде болды. Мұнда мыс-полиметалл кенін жабық тәсілмен өндіру жүргізіледі. Кеніш 1977 жылдан бастап жұмыс істейді. Компания құрамына 1996 жылы кірді, бұған дейін Жезкент тау-кен байыту комбинатының құрамында жұмыс істеді. Кеніште жылына 900 000 тонна кен өндіріледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.