A place where you need to follow for what happening in world cup

Биыл 35 елдімекенге газ тартылады

307

2020 жылы Жамбыл облысында 70-тен астам ауылы ауызсумен қамтамасыз етіледі. Бұл тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткішін 57,3 пайыздан 77 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік бермек. Бұл туралы халыққа есеп берукездесуінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев хабарлады.

Сондай-ақ, облыс әкімі 48 мың тұрғыны бар 35 елді мекенді газдандыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Сонымен қатар, биыл облыс аумағында баламалы энергия көздерін өндіретін төрт станцияны іске қосу жоспарланып отыр. Ол баламалы энергия көздерінің үлесін 17,2 пайыздан 22 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

​ Тарифтерді үнемдеу мақсатында жылу, газ, су есептегіш құралдарын орнату бойынша жұмыстар, ТКШ жүйесін жаңғырту бойынша Еуропа Қайта Құру және даму банкімен ынтымақтастық ​ шаралары жалғасады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.