A place where you need to follow for what happening in world cup

«Бірінші талпыныстан көтердім»: 52 жасында ЭКО арқылы тұңғышын босанған атыраулық әйел сұхбат берді

203

52 жастағы атыраулық Айгүл Нұржігітқызы ЭКО-ның арқасында тұңғышын дүниеге әкелді. 3 келі 70 грамм болып туған сәбиге Нұркелді деп есім берілген. Сәбидің әкесі биыл пайғамбар жасына келеді екен. Бұл отағасы үшін екінші неке. 63 жасында ұлды болған әкейдің бірінші отбасынан екі қызы мен 6 немересі бар. Айгүл Нұржігітқызы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, оқиғасын баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Нұржігітқызы осыдан 2 жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Бір жылға жуық өздігінен бала көтере алмағандықтан, Салтанат Байқошқарованың орталығына жүгінген. Бағына орай, бірінші талпыныстан ЭКО сәтті жүзеге асып, бүгінде ұл баланың анасы атанып отыр.

«Бұрын анаммен бірге тұрдым. Өзім егіздің сыңарымын, егізім ертеректе өмірден қайтқан. Жасым келген соң, қалай да тұрмысқа шығып, ана атануым керек деп ойладым. Мамам қайтқан соң, жалғыз қалдым», — дейді Айгүл Нұржігітқызы.

Айгүл Нұржігітқызының жолдасы өзінен 10 жасқа үлкен. Келіншектің айтуынша, күйеуі ЭКО жасатуға бірден келіскен, жұбайын барынша қолдаған.

«Екі қызым тұрмыста, отбасылары бар. Күйеу балаларым, немерелерім бар. Үйленуіме қарсы болған жоқ, қыздарым қолдады», — деді отағасы эфир барысында.

Дәрігерлердің айтуынша, енді әйелдің тағы бала көтеруге мүмкіндігі бар. Айгүл Нұржігітқызы әлі де сәби сүюді жоспарлап отыр. Тек ол үшін кемі екі жыл денсаулығын күтуі керек. Ал тұңғышын кесарь тілігі арқылы босанған. Табиғи толғақ келгенімен, қан қысымы көтеріліп, дәрігерлер шұғыл ота жасауға шешім қабылдапты.
«Аяғы ауыр кезде өте тамаша жүрдім. 36 аптада аздап ауырып, қыжыл, шаршау болды. Бірақ ауырған жоқпын», — деген Айгүл Нұржігітқызы коронавирусқа қарсы вакцина алмағанын атап өтті.
Әйел сәби күтіп жүргенін білген соң, біразға дейін елден жасырып жүргенін жеткізді. Ол алғаш ана атанған сәттегі әсерімен бөлісті.
«Қуанышымызда шек жоқ. Бәрінен тығылып, барынша жасырып жүрдік. Өйткені тіл-көз деген бар. Жасырмайтын уақыт келгенде, бәрі сенбеді. Сұрақтар көбейді. Ол да бір Алланың сыйы шығар.
Ағамызға ізбасар, өзіме бала керек болды. Артық ештеңе ойламадым. Қалай да ана болуым керек деп ойладым», — дейді Айгүл Нұржігітқызы.

Ал ерлі-зайыптылар балалы болу үшін бас-аяғы 3 миллион теңге қаражат жұмсағандарын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.