A place where you need to follow for what happening in world cup

«Бір соққымен өлтіріп тастаған»: Алматы облысында адам өлтірді деген күдікті ұсталды

627

Алматы облысында полицейлер кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды «munaranews.kz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап…

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Жәпек батыр ауылының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің туған әпкесін балағаттағаны үшін  ер адамды жақ сүйегінен соғып, өлтіріп тастаған. Жәбірленуші асфальтқа құлап, жарақат алады. Одан кейін күдікті ес-түссіз жатқан ер адамды көтеріп, жедел жәрдем шақырған», — деді Іле аудандық ІІБ бастығы Марат Күштібаев.

Тергеу барысында белгілі болғандай, Бақтыбай ауылының 31 жастағы тұрғыны бұрынғы бірге тұратын адамның үйіне мас күйінде келіп, балағат сөздер айтып, сыртқы есікті аш деп айғайлаған.

Мұны естіген әйелдің ағасы одан сыртқа шығып сөйлесуін өтінді. Әңгімелесу барысында күдікті ауыр соққы жасаған.

Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.