A place where you need to follow for what happening in world cup

Білімді де білікті маман

666

Қай кезеңде де өзгелерге қашанда үлгі бола білген еңбек адамының ерен еңбегі мен әрбір жетістігі елеусіз қалмайтыны ақиқат. Себебі, әр үздік нәтиже мен күрмеуі қиын жұмыстың астарында сол бір жанның табан ақы, маңдай тері жатыр. Өкінішке қарай, біз тек кез келген істің нәтижесін көруге ғана шебер боп алғанбыз. Айталық, оның сыртында мамандыққа жан-тәнімен берілу, жұмыстың қиындығына төтеп беру әрі мүлтіксіз қызмет ету сынды сырт көзге көрінбес қаншама еңбек жатыр.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының бөлім басшысы Мадияр Мырзалимовтың еңбек сүйгіштігі кейінгі буынға қашанда үлгі. Жалпы, Мадияр Айбынұлы бала күнінен-ақ адал еңбек етуге күш салады. 1990 жылдың 4 маусым күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында дүниеге келген ол мектеп қабырғасында-ақ өз болашағын жол саласымен байланыстырып үлгереді. Осылайша, Алматы қаласындағы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтында «Құрылыс» мамандығында білім алып, 2013 жылдың тамыз айынан бастап жол саласындағы еңбек жолын сәтті бастайды. Ал, арада үш жыл өткенде дәл осы оқу ордасында «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша магистрлік дипломын қорғайды.

Шын мәнінде, бар ынта-ықыласыңмен кіріскен қай жұмыстың да нәтижелі болатыны бесенеден белгілі ғой. Бұл тұрғыда бүгінгі кейіпкеріміздің бағы жанды десе де болғандай. Бүгінгі таңда Мадияр өңірлік филиалдың белді қызметкерінің біріне айналып үлгерді. Өз кезегінде ел-жұрттың ыстық ықыласына бөленген жігітті сүйген жары Әсем Талғатқызы да үнемі қолдап отырады. Қазір жұбайлардың отбасында 1 қыз, 2 ұлды тәрбиеленіп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.