A place where you need to follow for what happening in world cup

«Білім беру ісінің барлық буынына басымдық берілген»

7 125

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының бекітілуін партияның сайлаушыларға берген уәдесін орындауға кіріскенін көрсетеді. Осынау маңызы зор қадам партияға деген сенімін арттыра түседі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының отырысынан соң Тараз техника және сервис колледжінің директоры Бекбол Маймышев мәлімдеді.
– Бағдарлама өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларын қамтитын 7 басымдықтан тұрады. Бұл басымдықтардың барлығы да кандидаттар мен сайлаушылардың кездесуінде көтерілген ең өзекті мәселелерді қамтиды. Олардың қатарында елді мекендерді сапалы ауыз сумен, табиғи газбен және жоғары жылдамдықты интернет қамту, жұмыс орындарын ашу, бизнес-идеяларды қолдау, мәдени-тынығу жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру, спорт нысандарын қолжетімді ету сынды мәселелер бар.
Партия ықпалымен алдағы 5 жылда 19 инвестициялық жоба қолға алынады деп күтілуде. Инвестициялық жобаларды нәтижелі іске асыру жұмыс орындарын көптеп құруға мүмкіндік береді. Сайлауалды бағдарламадағы индикаторға сай 2025 жылға дейін облыс аумағында тұрақты 84 мың жаңа жұмыс орны құрылмақ.
Бұл дегеніңіз біз сияқты маман даярлаушы орындардың сапалы маман даярлауға басымдық беруі керектігін көрсетеді. Әрине мұнда білім саласындағы сапаға мән беру, білім беру ұйымдарының материалдық техникалық базасын нығайту сынды басымдықтарға мән берілген жөн. «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сай өңірде үш ауысымды 9 мектептің, апаттық жағдайдағы 2 мектептің орнына жаңа ғимараттың құрылысы қолға алынып, 77 мектеп күрделі жөндеуден өтпек. Бұдан бөлек 2025 жылға дейін 125 оқу орнының маңындағы көшелер толықтай жарықтандырылады. Партия жоғары және арнаулы орта білім беру саласында студенттерді жатақханамен қамтуға баса назар аударып отыр. Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасындағы» басым бағыттың біріне жататын жатақханамен қамту ісіне сайлауалды бағдарлама аясында көңіл бөлініп, Тараз қаласымен Меркі ауданында жалпы сыйымдылығы 1700 орын болатын 5 студенттік жатақхана пайдалануға берілмек.
Бір сөзбен айтқанда білім беру ісінің барлық буынына басымдық берілген бағдарламадан күтеріміз көп, – дейді Бекбол Баянғалиұлы.
Естеріңіз сала кетейік бүгін облыс әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен фракциясы отырысы өткізіліп, фракция мүшелерінің ортақ шешімімен «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы бекіту үшін «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросына ұсынылған еді.
Ал кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысқан «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросында «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы Бюро мүшелерінің ортақ шешімімен бекітілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.