A place where you need to follow for what happening in world cup

Бердібек Сапарбаев паралимпиада ойындарының чемпионын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

181

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев чемпион Зульфия Ғабидуллина мен көп балалы ана Айжарқын Сарықованы мерекемен құттықтап, үйлеріне арнайы барып, ізгі лебізін білдірді.

Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиадалық ойындарында жүзу бойынша Алтын медаль иегері Зульфия Габидуллина  ешқандай қиыншылықтарға мойымай табандылық пен еңбеккештікпен өмір сүрудің жарқын үлгісі болып табылады десек артық айтпаймыз.

— Мен сізге Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Құттықтауын жеткізгім келеді. Сіздің мінезіңізді, төзімділігіңіз және еңбекқорлығыңызды құрметтейміз. Сіз тек даңқты спортшы ғана емес, адам ретінде де көпке үлгісіз. Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, өз қаражатыңызға балаларға арналған спорт алаңын салдыңыз. Басқа да игі істермен айналысып келесіз,-дей келе облыс әкімі Зульфия Ғабидуллинаны мерекемен құттықтап, оған гүл шоғын және Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыс етті.

— Мен үшін облыс әкімінің өзі үйге келіп лебізін білдіруі, ел Президентінің құттықтау хаты тосын сый болып отыр.  Арнайы көңіл бөлгені үшін шын жүректен ризамын. Сондай-ақ, барша әйелдер қауымын әрдайым жарқын өмір пен ізгілік тілеймін, — деді З. Ғабидуллина.

Сондай-ақ, аймақ басшысы көпбалалы ана Айжарқын Сарықованы да арнайы құттықтап барды. Ол бүгінде жолдасы  екеуі жеті бала тәрбиелеп отырға олардың бірі ерекше. Бұл отбасы тұрақты түрде атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі және мүгедектігі бар балаға күтім жасау бойынша жәрдемақы, балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алып тұрады.

Бердібек Сапарбаев көп балалы ананы мерекесімен құттықтап, гүл шоғын табыс етті. Ал, балаларына тәттілер мен жұмсақ ойыншықтар сыйлады.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.