A place where you need to follow for what happening in world cup

Сыйластық салтанат құрған күн

288

1 наурыз – Алғыс   айту  күні  – ең  алдымен   еліміздің   тыныштық  пен үндестік, өзара  сенімділік  пен   барлық   Қазақстандықтарға   деген    құрметтің орнауына   негіз   болған бейбітшіліктің  салтанатты  күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің ішінде 1943 жылдың 2-ші қарашасында бұрынғы Луговой ауданы, Луговой селосына, қазіргі Құлан жеріне 158 қарашай ұлты,115 қырым- татар ұлты,187 шешен ұлты қоныс аударылып келген еді. Өзге ұлттардың құтты қонысына айналған қасиетті Құлан жері — қонақжай, құт қонған, киелі мекен.

Мерекеге орай, аудандық М.Өзбеков атындағы мәдениет үйінде «Алғысым шексіз!»   атты   этномәдени    бірлестіктердің    мерекелік   концерттік   бағдарламасы өтті. Алғыс айту күніне арналған шарада этномәдени бірлестіктер өз тарапынан қолөнер және «Достық дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырды. Көпшілік бір-бірін мерекесімен құттықтап, дастарханнан дәм татты. Этномәдени бірлестігінің мүшелері көпшілікке ұлттық әндері мен билерін тарту етті. Іс–шараның мақсаты – мерекелік көңіл-күй сыйлау, тұрғындардың игілігіне арналған түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыру үшін, бірлік пен достықты нығайту, әлеуметтік байланыстар орнату және дамыту. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға және қоғамда Алғыс айту күнінің маңыздылығын одан әрі нығайту.

Осынау мерекенің тарихи, саяси және тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтаған аудан әкімі Е.Садырқұлов жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді.

– Баршаңызды келіп жеткен көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – 1 наурыз-алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн — тарихта өзіндік орын алған зорлық-зомбылық, қуғын-сүргiн оқиғаларының салдарынан Қазақстанға қоныс аударылған түрлі этностардың байтақ қазақ жері мен дархан қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Сондай-ақ, еліміздегі барлық азаматтарының бiр-бiрiне деген сыйластығы мен ынтымағының, ортақ тарихымызды құрметтеу, өзара көмек пен қолдау күнi. Әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек, демеу үшін рахмет-ризашылығын білдіретін күн, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бұл айтулы күн елімізде 2016 жылдан бері аталып өтуде. Бұл күн, ең алдымен – тыныштық пен үндестік, бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған күні. Расында, өткен тарихта тағдыр тауқыметімен Ұлы дала төсіне әр жылдарда бүтіндей бір халықтар, 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18 мыңнан астам Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бауырмалдықтың үлгісін көрсетті. Осылайша Тәуелсіз елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері бір шаңырық астына топтасып, біртұтас Қазақстан бірегей артықшылықтарға ие болды.
Алғыс айту күні – біздін ортақ тарихымызды кұрметтеудің белгісі. Бұл әр алуан ұлт өкілдерінің өз Отанына айналған киелі қазақ жері мен кеңпейілді қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.