A place where you need to follow for what happening in world cup

Барлық көрсеткіштер бойынша өсім бар

168

Биыл пандемия салдарынан бірқатар бағдарламаларды іске асыруға өзіндік кедергі келіп отырғаны жасырын емес. Соған қарамастан Мойынқұм ауданының қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша барлық көрсеткіштер бойынша өсім бар.

Атап айтсақ, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында ауданда өнеркәсіп саласы 22,4 млрд. теңге болып, 1,4%-ға өсті. Оның ішінде «Алтын Алмас» акционерлік қоғамының «Ақбақай» филиалы 625 кг алтын өндіріп, өткен жылдың есепті кезеңінен 38 кг-ға, портлант цемент өндіріп отырған «Жамбыл цемент» ЖШС-гі 426,5 мың тонна цемент өндіріп, өнім көлемі 67,1 мың тоннаға артты.

Ауданда егін саласы кенжелеп  қалғаны жасырын емес болатын. Алысқа бармай-ақ 2018 жылды алатын болсақ, ауданда егіс көлемі небары 3784 гектар болған еді. Халқымызда  «Қара жер қарыз арқаламайды» деген қанатты сөз бар. Сондықтан да  мен өзімнің басшылыққа келгендегі басты бағытымның бірін егіс көлемін ұлғайтып, сол арқылы жаңа жұмыс орнын ашып, шаруашылықты дамыту болды.  Сусыз, техникалық базасыз егіс көлемін ұлғайту мүмкін емес. Сондықтанда неше жылдан бері аршылмаған тоғандарды тазалап, техника алуға көп күш жұмылдырылды.

Осы мәселені шешу мақсатында өткен жылы аудандық бюджет есебінен 60,0 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 69,0 шақырым болатын 9 тоғанды механикалық тазалаудан өткізілді. Биылғы жылыда жалпы ұзындығы 51 шақырым болатын тоғандарды тазалау ұйымдастырылып отыр.

Бұл жұмыстарға аудан бюджетінен 16,4 млн. теңге қаржы бөлінсе, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 52,4 млн. теңге қаржы қаралып тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен бірге  2019 жылы 73,0 млн. теңгеге 13 егін шаруашылығы техникалары алынып, Айдарлы, Бірлік ауылдарынан бұрынғы ескі қырмандар іске қосылды. Биылғы жылы Күшаман ауылындағы егін жинайтын қырман ағымдағы жөндеуден өтіп пайдалануға берілді.

Ауылдардағы тоғандар бойындағы 18 су реттегіш құрылғыны  орнатуға 37,0 млн. қаржы қаралып, жұмыстар атқарылды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде былтыр 5074 га, биылғы 5408 га жер игеріліп, 2018 жылмен  салыстырғанда 1624 гектарға ұлғайды.

Өткен жылы жүгеріден мол өнім алынып, жемдік дәннің бағасы 100 теңгеден 50 теңгеге арзандады. Аудан орталығынан жем тартатын цех ашылып, іске қосылды. Осының барлығы жоғарыда өзім айтып кеткендей, жаңа жұмыс орны  мен табыс көзіне айналды. Шаруашылықтарды ірілендіріп, бұл бағыттағы жұмыс жалғаса бермек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.