A place where you need to follow for what happening in world cup

Баланы мектепке қай жаста берген жөн? – ғалымдардың зерттеуі

90

Финляндия елінің ғалымдары бүлдіршіннің жасы оқу үлгеріміне әсер ететінін айтады. Яғни, жылдың соңында дүниеге келген баланың үлгерімі жылдың басында туғандарға қарағанда нашарлау болады.

Турку университетінің ғалымдары Финляндияда 1996-2002 жылдары дүниеге келген 400 мың баланың деректерін топтастырып, туған күні мен оқу үлгерімі арасындағы байланысты анықтауға тырысқан. Екінші кезеңде оқу үлгерімі нашар 3 мың баланы іріктеп алып, бақылау жүргізген.

Ғалымдар бүлдіршін балаға ақыл-ойы мен физикасы дамуы үшін уақыттың өте маңызды екенін айтады. Яғни, жылдың басында туған балалар жылдың соңында туған балаларға қарағанда оқу үлгерімі жақсы болады. Жазу мен сызуды, математиканы тезірек үйренетінге ұқсайды.

Мәселен, желтоқсан айында 6 жасқа толатын бала мен қаңтарда 6 жасқа толатын баланың арасында ақыл-ой мен зияткерлік жағынан айтарлықтай айырмашылық болады.

Сондықтан ғалымдар баланы оқуға 5 жастан емес, 6-7 жасқа толғанда беру керегін айтады. Өйткені желтоқсанда 6-ға толатын балаға қарағанда, 7-ге толып барып сабаққа барған баланың оқу үлгерімі жақсы болады.

 turkystan.kz.   

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.