Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл департаменті жүргізген зерделеу барысында анықталды,
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстағы жастар ресурстық орталығының қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.
Мониторингпен Жастар ресурстық орталығына қызметке қабылдаудың бірегейлендірілген біліктілік талаптардың болмағандығына байланысты, салаға қатысы жоқ мамандықтарды бітірген тұлғалар жұмысқа қабылданып келгендігі белгілі болған. Атап айтқанда, олар емдеу ісі, металлургия, малдәрігерлік фельдшері, электр жүйесі, тау-кен ісі, фермер шаруашылығы, электр механик мамандықатырын бітірген.
Ал, Байзақ ауданы жастар ресурстық орталығының 2 қызметкері Астана қаласында бірнеше рет іссапарда болып, іссапар шығындарын ұйымдастырушылар тарапынан мемлекет грант аясында төленгеніне қарамастан, аталған азаматтар жұмыс орны арылы да өтеуді жөн көріп, жалпы соммасы 650 000 теңгеге жуық қаражатты заңсыз алған.
Сонымен қатар, еңбекақы төлеу жүйесіне ережесіне сәйкес белгіленген кофиценттерді дұрыс есептемеуінің нәтижесінде Байзақ және Меркі ауданы жастар ресурстық орталығының қызметкерлерінің біріне артық жалақы төленіп келсе, бірі кем жалақы алғандығы анықталды.
Жоғарыда аталған және басқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасына, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне:
— жастар ресурстық орталықтары қызметінің жастар саясатын дамыту туралы міндеттемелерін ескере отырып, олардың қызметкерлеріне қойылатын бірегейлендірілген біліктілік талаптар әзірлеу;
— жастар ресурстық орталықтары әрбір қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жеке дара зерделеп, жастар саясаты бағытындағы өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (Заңнамалар, бағдарламалар және жоспарлар негізінде) қайта бекіту;
— жастар ресурстық орталықтарының басшылары іссапар бұйрықтарын рәсімдеу барысында Іс-сапар Ережелерінде көрсетілген талаптарға сүйене отырып шығаруды ұйымдастыру;
— жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің функционалдық блоктарын белгілеу мақсатында орталық органмен келісу арқылы еңбек ақы төлеу тәжірибесін бірегейлендіру;
— Байзақ ауданында заңсыз төленген іссапар шығындарын өтеу және кемшіліктерге жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау;
— Байзақ және Меркі ауданы бюджет қаражатының игерілуін зерделеп, барлық құжаттарды сәйкестендіріп қарау үшін тиісті органды (тұлғаны) тарта отырып аудиторлық тексеру жүргізу бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық