A place where you need to follow for what happening in world cup

Бағдарлама жүйелі жүзеге асуда

233

Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов аудан халқының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, есеп берді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысқан есепті жиында Бақыт Алпысбайұлы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аудандағы орындалу барысынан  хабар берді.

– Бағдарлама аясында 2019 жылы ауданда жалпы соммасы 79 млн. 650 мың теңгенің 14 жобасы іске асырылды. Оның ішінде ауданнан шыққан беделді, жомарт жандардың қолдауымен демеушілік көмектер көрсетілді. Айта кету керек, Көктал ауылының тумасы Алпамыс Бақытұлы ініміз 70 млн. теңгеге Көктал ауылыннан заманауи үлгідегі мешіт пен спорт зал соғып берді. Сол сияқты Қожағаппар ауылында мешіт ел игілігіне пайдалануға берілсе, «Пырақ құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Талғат Базарбекұлы көпбалалы отбасына Ойық ауылынан құны 1 млн. 200 мың теңге  тұратын тұрғын үй сатып алып берді.

Өздеріңізге белгілі 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын арнады. Аталған 5 басым бағыт бойынша ауданда жоспарлы жұмыстар атқарылуда, – деді аудан әкімі есебінде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.