A place where you need to follow for what happening in world cup

Бағдарлама аясында 854 млн. теңге бөлінді

220

2019 жылы «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарының жағдайын жақсартуды қаржыландыруға барлығы 854 103 мың теңге бөлініп тиісті құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылды, оның ішінде, республикалық бюджеттен — 782 795 мың теңге,  облыстық бюджеттен —  71 308 мың теңге.

Атап айтқанда, Аса ауылында әмбебап залы бар спорт-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген 366 667 мың теңгеге кешен құрылысы басталып, бөлінген қаржы толық игерілді. Кешен құрылысы 2019 жылдың қыркүйек айында басталды, пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың қараша айында болғандықтан құрылыс жұмыстары жалғасуда, 2020 жылы құрылысқа жалпы  147 443 мың теңге бөлініп отыр.

Сонымен қатар, жоба аясында 126 850 мың теңгеге Аса ауылындағы музыка мектебінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп пайдалануға берілді. Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сыныптарға арналған оқу корпусы 9 700 мың теңгеге, «Сауле» балабақшасының ауласы 2 689 мың теңгеге, орталық стадионның трибунасы мен көрермендер орны 5 486 мың теңгеге ағымды жөндеуден өткізіліп, Аса ауылының  21 ауылішілік көше жолдары 268 188 мың теңгеге орта жөндеуден өткізіліп асфальтталды және 8 көшесі 71 153 мың теңгеге жарықтандырылып  ауылдың инженерлік инфрақұрылымы жақсарып, ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.