A place where you need to follow for what happening in world cup

Б. Жақсылықов «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-інде болды

177

Аудан әкімінің келесі іссапары Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-інде жалғасын тапты.
Қазіргі уақытта Сарысу ауданы әкімдігінің Түркістан ауылдық округінен берілген 233 гектар жер көлемі «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-нің ұзақ жылдар бойы ел экономикасының дамуына өзіндік үлес қосуына ықпал етпек.
Инвестициялық жоба аясында жергілікті халықтың жағдайын жасау мен қатар әлеуметтік-экономикалық дамуға үлкен серпін бермек.
Бұл Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан Халқына Жолдауларындағы отанға келіп жатқан инвесторларға қойылатын алғы талаптардың бірі.
Аудан басшысы Б.Алпысұлы осы «Жаңатас Жел Электр станциясы» ЖШС-нде болып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстармен танысты.
Электр станциясының құрылысы 2020 жылдың төртінші тоқсанына қарай толығымен аяқталған соң, осында 40 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Жобаның құны-130 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Қуаттылығы 100 МВТ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде.
Бұл жел электр стансасы алдағы уақытта Орта Азиядағы желден электр қуатын өндіретін ең үлкен станса болмақ.
Жалпы жоба бойынша орнатылатын 40 жел турбинасының бүгінгі күнге 20-сы орнатылған. Сонымен қатар, әкімшілік тұрмыстық кешен құрылысы соғылып аяқталды. Ендігі кезекте, қалған турбиналарды орнату барысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін Қытай мемлекеті мамандарының келуі күтілуде. Қазірга таңда құрылыс алаңында 23 — Қазақстан азаматы және 66 — шет ел азаматтары жұмыс атқаруда.
Жоба тарапынан көрсетілген әлеуметтік көмектерге тоқталар болсақ:
1) 2019 жылы орталық ауруханаға жедел-жәрдем автокөлігін сыйлаған;
2) Промзона 2 адресіндегі тұрғын үйдің шатыры және 5 пәтерге жалпы құны 10,0 млн.теңгені құрайтын жөңдеу жұмыстары жүргізілуде;
3) Жаңатас қаласындағы «Ынтымақ» аллеясын жалпы құны 19,0 млн.теңгені құрайтын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
4) Аз қамтылған отбасылар мен мүгедектерге 10 азық-түлік қорабы түріндегі гуманитарлық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында жобаның екінші кезеңі «Шоқпар жел электростанциясы» жүзеге асырылмақ. Қазіргі таңда, жоба бойынша аудит жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімшарт жасаспақ.
Осы стансада болған Б.Жақсылықов мердігерлермен тілдесіп, алдағы жоспарларды талқылады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.