Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап елімізде мемлекеттік қызметтің әлемдік стандарттарға сай тиімді институттары мен тетіктерін құру жұмысы кезең-кезеңімен атқарылды.
Заман талабымен саладағы талап-тәртіп те жетіліп келеді.
Мемлекеттік қызметкердің халық алдындағы екі маңызды міндеті бар.
Олар – халықтың әл-ауқатын жақсарту мен талап-тілегін қанағаттандыру бойынша жұмыс істеу.
Президент тапсырмасынан кейін басқа өңірлердегідей біздің Сарысу ауданында да аудан және қала, ауылдық округ әкімдері әлеуметтік желілерде жаппай аккаунт ашты.
Бұл тенденция халықпен кері байланыс орнатуға оң ықпалын тигізді.
Өйткені әлеуметтік желілер – халыққа жақын болудың тиімді құралы.
Қазір көпшілік бұрынғыдай мемлекеттік органдарға барып, уақыт жоғалтпайды.
Әлеуметтік желілерде мәселені төтесінен қойып, оған жауап алып жүр.
Арнайы мамандар осындай талап-тілек, сын-ескертпелерді күнделікті талдап-таразылап отырады.
Әсіресе, тұрғын үй, әлеуметтік көмек секілді қызмет барысындағы жазбалар жиі кездеседі.
Бұлардың бірде-біреуі ескерусіз, елеусіз қалмауы керек.
Халықпен қарым-қатынасты жақсартудың ендігі бір жолы – есепті кездесулер.
Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін азаматтармен ашық диалог жүргізуді күшейту керек. Әрбір мемлекеттік орган ашық есік күндерін, интернет-конференциялар ұйымдастырып, тұрғындардың өтініш-тілектері ерекше назарға алынуы тиіс.
Әңгімеміздің басында халық өтініш-шағымдарын көбіне әлеуметтік желілерде жеткізетінін айттым.
Жалпы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы халықтың «Әкім бол, халқыңа жақын бол!» деген ұлағатты сөзімен астасып жатыр.
Бұл тек әкімдерге ғана емес, барлық мемлекеттік қызметшіге қатысты.
Жергілікті тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы тығыз байланыс қалыптасып, әр өтініш, талап, ескерту, ұсыныстары мұқият сараланып, тиісті құзырлы органдар мен лауазымды тұлғалар, соның ішінде аудан басшылығы тарапынан жедел, тұщымды жауап беріліп келеді.
Бұл игі үрдіс ауданға толық еніп, өз нәтижелерін беріп жүр.
Енді нақты сандарға тоқталсам: жеке мәселелерімен жыл басынан 25 қабылдау өтіп, 363 азамат қабылданған.
Оның 212-сі тұрғын үй, 72-сі жұмыспен қамту, 18-і жер мәселесі, 8-і қаржылай көмек сұрап келген.
Сондай-ақ, нан бағасы, полиция инспекторларына және Жайылма ауылдық округінің әкіміне қатысты-3 адам шағымданып келген.
Бір реттік әлеуметтік көмекке -10 адам, денсаулығына байланысты көмек сұрап -6 адам, зейнетақы мәселесі туралы – 3 адам, материалдық көмек бойынша – 10 адам, АӘК-8 адам, жол мәселесі-3 адам, жеке мәселе бойынша- 10 адам келіп, өзекті мәселелерді ортаға салған.
Сарысу ауданына мен басшы болып келгелі індетке байланысты 28 тікелей эфир өткізіп, 211 сұрақ түскен, әлеуметтік желі барысында 29-мыңнан аса көрермен қамтылған.
Қабылдауға келген азаматтардың шешімін табар сауалдары болса дер кезінде жауап беріп, болмаса Заң аясында көмектер көрсетілді.
Тұрақты жұмыспен қамту, бірреттік әлеуметтік көмек, қаржылай көмек, оқушыларға қажетті киім-кешектер мен компьютерлер, денсаулыққа қатысты көмектер беріліп, ауданның ерікті азаматтарының көмегімен қол ұшы созылды.
Есеп беру жиынының қатып қалған форматы жоқ. Ол әкімнің өзіне байланысты.
Ал, есепті кездесу уақытын шектеуді құптамаймын.
Ол жылына небәрі екі рет халық алдына шығумен шектелмейді.
Сондықтан мен ауданға келгелі халықпен жиі бетпе-бет кездесіп сұрақтарды түгел тыңдап, жауап беруді әдетке айналдырдым.
Міне, алдағы күндерде барлық әкімдер халық алдында есеп беру жиындары басталуда.
Президентіміздің «Кейбір шенеуніктерге қарапайымдылық жетіспейді» деуінің де астарында үлкен мән жатыр.
Мен қашанда қала, ауылдық округ әкімдеріне қарапайым болып, халықпен бірге болуға шақырамын.
Бақытжан Жақсылықов, Сарысу ауданының әкімі