A place where you need to follow for what happening in world cup

«Бәріне қызық»: Әлия Телебарисова екінші рет тұрмыс құру туралы сауалға жауап берді

56

Осыдан екі жыл бұрын күйеуінен айырылған Әлия Телебарисова екінші рет тұрмыс құру туралы сауалға жауап берді. Сұлу әрі жас актриса бұл сауалдың көпшілікті қызықтыратынын айтып өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сіздерге бәрі қызық. Сұрақтардың жартысы осы жайында. Елемеуге тырысып жүр едім. Мейлі, жауап берейін. Оны бір Алла Тағала біледі», – деп жауап берді Телебарисова тұрмыс құру туралы сұраған оқырманына.

Алайда Әлияның желідегі өзге оқырмандары бұған қанағаттанбады. Оның сұлу әрі жас екенін алға тартып, лайықты ер кездескен жағдайда, екінші рет отбасын құра ма деген сауалды алға тартты.

«Айттым ғой. міне, той көйлегін киіп, дайын тұрмын», – деп қалжыңдады актриса.

«Ал егер расына келсек, тұрмысқа шығатын қыздарға берер кеңесім, жүрегінде иманы бар адамды жар етіп таңдаңыздар. Жақсы адам деген сол болады. Иманы бар адамның адамгершілігі мол, мейірімді, адал, отбасына қамқор болады. Отбасына бар жақсыны бергісі келеді. Ондай адам ешқашан отбасын құрбан етпейді», – дейді Телебарисова.

Әлияның айтуынша, намаз оқитын адамның бәрі бірдей иманды бола бермейді.

«Намаз көрсеткіш емес. Бес уақыт намаз оқыса да, қатігез адамдар болады. Мен Алладан қорқатын адам жайлы айтып отырмын. Ол арамза болмайды, әйелге қол көтермейді. Алланың жаратылысына шошқа сияқты қарамайды, оны кемсітпейді», – деді ол.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.