A place where you need to follow for what happening in world cup

Бәліштің ішіне тыйым салынған заттар жасырған

160

Таразда түзеу мекемесіне бәліштің ішіне тыйым салынған заттарды жасырып өтпек болған жасөспірім ұсталды. Оқиға өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты қауіпсіздігі орташа ЖД-158/2 мекемесінде орын алған. Бұл күні мекемеге тараздық 2005 жылғы жасөспірім жазасын өтеуші А. есімді азаматпен қысқамерзімді кездесуге келген. Алайда, оған кәмелетке жасқа толмағандығына байланысты кездесуге рұқсат берілмейді.

Дәл осы сәтте мекеменің режим бөліміне қарасты тексеру тобы, жедел бөлім және 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерінің қырағылық танытып, жасөсіпірім әкелген сәлем-сауқатты тексере бастайды. Нәтижесінде, бәліштің ішінен 3 қаптама оралған дәрі-дәрмектің бар екендігі анықталады. Жасөспірімнің сөзінше, бейтаныс адамдар одан бәлішті А есімді сотталғанға табыстауын өтінген. Заңға қайшы «келісім» шаһардағы «Жайлау» мөлтекауданында жасалған. Десе де, бұл жағдай жасөспірімнің жазадан құтылуына жәрдемдескен жоқ. Ол түзеу мекемесінің тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.