A place where you need to follow for what happening in world cup

«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының ұшақтарындағы «Kazakhstan» жазуы «Qazaqstan» деп ауыстырылды

47

«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының ұшақтарындағы «Kazakhstan» деген жазу «Qazaqstan» деп ауыстырылды. Желіде ұшақтардың суреті тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Үкіметтік борт тақтасы жаңа бояумен боялды», — деп жазды Қазақстан авиациялық клуб әкімшісі Николай Устинов.

Ол жариялаған суретте UP-2101 құйрық нөмірі бар үкіметтік Airbus 321 ұшағын бұрынғыдай «Kazakhstan» емес, «Qazaqstan» деген жазу безендіріп тұрғаны байқалады.

2016 жылдың қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының спикері қызметіндегі кезінде: «Қазақстанның ағылшын тіліндегі нұсқасында “Qazaqstan” жазылу нұсқасы мемлекетіміздің болмысын дәлірек көрсетеді», – деп баса айтқан болатын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.