A place where you need to follow for what happening in world cup

БҚО-да полицейлер тағы бір жасырын есірткі зертханасының көзін жойды

131

БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2022» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтағанындай, Орал қаласының 1971 жылғы тұрғыны қарасора өсіретін жылыжайды ұйымдастырған.

Басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция подполковнигі Әнуар Халеловтің айтуынша, аталған тұрғын тыйым салынған өсімдіктерді өсіру үшін үйінің ауласына арнайы жабдықтар орнатып, тыңайтқыштар сатып алған.

«Үйдің ауласынан жасырын қоршалған бөлме табылды, оның ішінде қарасора тәрізді өсімдіктері бар бес пластикалық контейнер болды. Сондай-ақ гаражда наркозертханаға жабдықталған жасырын жертөлені анықтадық. Қабырғалары арнайы материалмен қапталған, жарықтандыру өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты және жылу шамдарымен жабдықталған, сору жүйелері, градустық құрылғылары бар ауа ылғалдандырғыш орнатылған. Тінту кезінде қарасора тәрізді өсімдік бұталары, белгілі бір иісі бар жасыл өсімдік тектес зат, қарасора тұқымын орау, электрондық таразы, өсімдіктерді өсіруге арналған түрлі тыңайтқыштар тәркіленді. Тиісті сараптама тағайындалды, – деді БҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Әнуар Халелов.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігіне (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге ты

aikyn.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.