A place where you need to follow for what happening in world cup

Азық-түлік пакеттері табысталды

267

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен тараздық кәсіпкерлер және «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеті табысталды. Шараның бірінші күнінде мұндай жинақ жалпы саны 200 отбасыға беріледі. Айта кету керек, карантин талаптарына сәйкес, көп адамның шоғырлануына тыйым салынғандықтан, қала еріктілері аталған көмек жинағын мұқтаж отбасылардың тұрғылықты мекенжайына жеткізіп, қолдарына табыстады.
Аталған азық-түлік жинағының ішінде макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, ұн, шай, сүт секілді өнімдер бар. Сондай-ақ, балалар үшін тәтті нан өнімдері де қарастырылған. Айта кету керек, аталған акция 7 күнге созылады.
«Карантин кезінде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында осы акцияны ұйымдастырып отырмыз. Бұл шара барша мұсылман баласы үшін қасиетті мереке саналатын Құрбан айт қарсаңында қолға алынып отырғанын айтқым келеді. Бір аптаға созылатын акция аясында шамамен 1000 отбасыны дәл осындай азық-түлік жинағымен қамтамасыз ету көзделіп отыр», — деді қала әкімі Айтқазы Қарабалаев.
Елдің елдігі сыналған уақытта қолы ашық, жүрегі кең азаматтар қолдау көрсетуден танбай келеді. Коронавирус індеті салдарынан елде енгізілген карантин кезінде қиын жағдайда қалған отандастарға қолдау мен көмек аз көрсетілген жоқ. Соның мысалы ретінде ауруханаларға ыстық тамақ жеткізуді және аз қамтылған отбасыларға дәрі-дәрмек табыстауды көздеген іс-шараларды атауға болады. Қала кәсіпкерлері осы жолы да кезекті игі іске бастамашы болып отыр.
Сондай-ақ, қаладағы «Садыхан» ЖШС мен «Тәтті себет» дүкендер желісінің басшылығы дәл осы қамқорлық акциясын әрі қарай жалғастыруға ниеттеніп отыр. Сол себепті, жақынымызға жанашыр болуға шақыратын осы сауапты іске үлес қосамын дейтін азаматтар болса, аталған акция бір апталық мерзімнен әлдеқайда ұзақ жүзеге асырылатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.