«AMANAT» партиясы облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен партия жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ отырысы өтті. Жиында аймақ бо йынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын барысы талқыланды.
Басқосуға облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының басшылары және «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшысы, партия облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен мониторинг топтың мүшелері қатысты. Шараға төрағалық еткен комиссия төрағасы Гулам Умаров мониторингілеу топтары ағымдағы жылдың 28 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өңірдегі орналасқан 86 ірі сауда сауда орындарына мониторин жұмыстарын жүргізгенін тілге тиек етіп, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасы тарапынан берілген азық-түлік тауарлары бағысын бақылау барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталғанын жеткізді. Сондай-ақ 1-ші сұрыптағы бидай ұнының бағасы 28%-ға, пияздың бағасы 68%-ға қымбаттағанын атап өтті.
Комиссия отырысында облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустиалды-инновациалық дамыту бағдарламалары басқармасы басшысының орынбасары Бейбітбек Жайлыбаев, «Тараз» әлеуметік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ департамент басшысы Арман Түймебаев баяндама жасап, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жасап жатқан жұмыстарының есебін берді.
Жиында комиссия және мониторингтік топ мүшелері өңірде бағаны тұрақтандыру бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Келесі жаңалық