A place where you need to follow for what happening in world cup

Азық-түлік қауіпсіздігінің критерийлері: өсіру, сақтау және қайта өңдеу

189

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданына барған жұмыс сапары барысында кәсіпорындар мен өндірістік кооперативтерді аралады. Олар қызмет түрі бойынша ерекшеленгенімен, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ортақ мақсатта жұмыс істеуде.
Бұл Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан көкөніс пен жемістерді сақтаумен және сатумен айналысатын «Kaz Fruits Line» ЖШС-нің қызметіне тікелей қатысты. Жалпы серіктестіктің сыйымдылығы екі мың тонна болатын екі қоймасы бар. Ондағы заманауи неміс қондырғылары ауаны зиянды микробтар мен бактериялардан тазарту кезінде температура мен ылғалдылықты реттеуге мүмкіндік береді.
Бүгінде сақтауға арналған қоймалар бос. Аймақта қарқынды бақтардың көптігіне қарамастан, өткен жыл алма үшін жемісті жыл бола қойған жоқ. Екі мың бағбан бар болғаны 300 тонна жеміс жеткізді.
Жеміс-көкөніс қоймасының директоры Көшкенбай Құлмамбетовтің айтуынша, басқа да мәселелер бар болып шықты. Біріншіден, компания алма сатып алып, сақтап, оны маусымаралық кезеңде нарыққа, тұтынушыға қол жетімді бағамен ұсынуға ниетті. Алайда айналым қаражатының жоқтығынан сатып алуды жүргізуге мүмкіндік болмай отыр. Мәселе құны – 300-350 миллион теңгені құрайды. Ал күзде жемістерді тікелей бағбан арқылы арзан бағамен алғысы келетін алыпсатарлар пайда болады. Бағбандар онымен келіспейді. Өйткені әр түрлі аурулардан қорғау құралдары үшін шұғыл есептеулер жүргіз қажет, олсыз мүмкін емес. Басқа да көптеген төлемдердің бар екендігі өз алдына. Осы орайда Қырғыз Республикасымен шекарадағы фито-қорғаныс бақылауында бірқатар мәселелер туындайтындығы, көрші елден алманың негізгі бөлігі жеткізілетіндігі айтылды.

Сонымен қатар, кәсіпкерге Тараз және облыс орталықтарында фирмалық павильондар ашу үшін жер қажет екен. Аталған мәселелер шешімін тапса, өз кезегінде жамбылдықтарды жыл бойына жаңа көкөністер мен жемістермен қамтамасыз ету жағдайын жақсартуға мүмкіндік бермек.
Көшкенбай Құлмамбетов тағы да екі мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын салып, көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу ісін де қол алуды жоспарлап отыр. Құрылысқа арналған жер де дайын екен. Егер жоспар жүзеге асса жергілікті сөрелерге джем, повидло, шырындар, көкөніс салаттары және тағы басқа да өнімдер жеткізіле бастамақ. Табиғи әрі бағалары қарапайым сатып алушының қалтасы көтерерлік дегейде болады деп көзделуде.
Бердібек Сапарбаев кәсіпкердің ниетіне толық қолдайтынын жеткізді.
— Бұл бізге қажет. Осы арқылы жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін жинап, қайта өңдеу, алыпсатарлар санын азайту және бастысы маусымаралық кезеңде бағаны төмендету мүмкіндігі тумақ. Біз тиімді несиелер арқылы павильондардың ашылуына көмектесетін боламыз. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорының резервтерін де осы жерде сақтауды қарастыру керек, — деді аймақ басшысы.
Бір гектар аумақты алып жатқан «Азамат» шаруа қожалығының жылыжайында қияр пісуде. Онда жылына 350 тоннаға дейін өнім жиналады. Қазір олар қызанақ өсіруге күш салуда. Ол көп уақытты талап етеді және қымбатқа түседі. Алайда, қызанақтың бағасы барлық шығындарды өтеуге қауқарлы. Азаматтықтар қиярды жылыжайда тікелей 220 теңгеден сатуда.
Одан әрі аймақ басшысы Қапал жүйесінің ирригациялық және дренаждық желілерін жақсарту бойынша құны 3,6 млрд. теңге болатын жобаның екінші кезеңінің жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл жұмыстар 2021 жылы сәуірде аяқтау қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, 24 шаруашылық каналдары бетондалып, науалар орнатылуда. Нәтижесінде Жамбыл, Көлқайнар және Қарасу ауылдық округтеріндегі бес мың гектар жерді сумен қамтамасыз ету жақсарады. Бұл өз кезегінде жергілікті шаруаларға жоғары өнім алуға септігін тигізбек.
Бердібек Сапарбаев жобаның қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталып, жауапты адамдарға науалардың жеке өндірісін жолға қоюды тапсырды.
Сондай-ақ, айта кету керек, аудандағы «Аса Даму» құс фабрикасы аймақтағы тауық жұмыртқасына деген қажеттіліктің 70 пайызын қамтамасыз етеді. Олардың өндірісін жылына 100 млн. данаға дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, серіктестік 280 тонна тауық етін өндіреді. Өзінің жем фабрикасы бар.
Шу ауданындағы қант зауытының құрылысын ескере отырып, қант қызылшасын өсірудің маңыздылығы назарға алынды. Өңір басшысы 1100 га жерді алып жатқан «Пионер» өндірістік кооперативінің егіс алқабында болды. Ондағы егістіктің 830 гектары суармалы. Тәтті түбір дақылы 50 гектар жерге отырғызылған десек, шығымы ойдағыдай. Сонымен қатар, экономика қой шаруашылығымен айналысады. Бүгінде 2,5 мың бас ұсақ малы бар.
Облыс әкімі жүні нарықта өте жоғары бағаланатын меринос санын көбейтуге кеңес берді.
Сол секілді «Қызыл Дихан» өндірістік кооперативі де қызылша егу үшін 100 гектар жер бөлген. Сондай-ақ, осындай алқапта жүгері егістігі бар. Тұқымдар Сербиядан жеткізілсе, дизель отынының литрі 158 теңгеден, жеңілдетілген бағаға сатып алынған. Қазір егін егу жұмыстары қызу жүруде.
Аймақ басшысы жоғары сапалы тұқымның жақсы өнім алудың кепілі екенін еске салып, «Еврохим» ЖШС шығаратын жаңа тыңайтқыш түрін қолдануға кеңес берді.
Жұмыс сапарының соңында Бердібек Сапарбаев аудандық полиция бөлімінде болып, қылмыстық жағдайдың жай-күйі туралы есепке қанықты. Бөлім кеңселерін аралап, жұмыс барысымен танысты. 1972 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оны жүзеге асырмас бұрын, күрделі жөндеу қанша шығынды талап ететінін есептеу керектігін, содан кейін ғана шешім қабылданатынын жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.