A place where you need to follow for what happening in world cup

Биназарлық азаматтар асарлатып үй салуда

266

Асар ұғымын қазіргі таңда көпшілігіміз қолданып та біліп те жүрген жоқпыз. Себебі қазақ атамыз «Көп түкірсе көл», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, елдің бірігу арқылы, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен.
Осындай игі істі Мойынқұм ауданынан облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының үміткері Биназар ауылында ауыл қариялары мен жастары қолға алуда. Аталмыш игі іс облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қазақтың жылу жинау дәстүрі мен асар әдісін қайта жаңғырту» жобасы аясында жүзеге асырылуда.
Биназарлық қариялармен жастары бүгінде М.Болысбаев есімді әр пәтерді жалға алып жүрген азаматқа асарлатып үй салып беруді бастады. Ауылдың азаматтары мен белсенді жастары үйдің фундаментін құйып, саманнан кірпіштер қалауды бастап кетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.