A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыр жүк көліктері тас жолды талқан қылуда

93

Қазіргі таңда ауыр жүк көліктері республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға айтарлықтай залал келтіруде. Салмағы аса ауыр темір тұлпарларды қанша жерден бақылағанмен, ережеге бағынбайтын жүк көлітерінің кесірінен тас жолдардың біраз бөлігі жарамсыз күйге түсуде. Ал, жолға зақым келмеуі үшін жүк көлігінің салмағы 8 тоннадан аспауы тиіс.

Атап өтерлігі, бүгінде елімізде 400 мыңнан астам ауыр жүк көліктері бар. Ал, Жамбыл облысында 4 мыңға жуық самосвал көліктер қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда пайдаланылуда. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» облыстық филиалының инженері Тойшыбай Әлиахметовтің сөзінше, өңір аумағында 3 жылжымалы көлік бақылау пунктері болғанымен, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Соның салдарынан облыстағы жолдардың сапасының нашарлауы жиі кездеседі.

— Мәселен, «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Алайда, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі. Осылайша, мұндағы жүктеме тиісті құжаттағы стандарттардан да жоғары. биылдан бастап орташа жөндеуге ведомстволық сараптама жүргізу үшін жобалаушылардан жобалық-техникалық құжаттамаға жүктерді тасымалдау мақсатында салмағы 15 тоннадан артық емес жүк көліктерінің жүруін талап етілуде. Бұл өз кезегінде автожолдардағы ақаулардың алдын алып, тас жолдың тез тозуына тосқауыл болады деп күтілуде, — дейді Т.Аляхметов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.