A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауылдық округ әкімдері есеп беруде

247

Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың корытындысы бойынша халық алдынғы есеп беру жиыны өтті.
Жиынға Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Олжас Көкей, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Темірлан Абдраев, Сарысу аудандық электр жүйесі басшысының орынбасары Алмат Орынбеков, Сарысу ауданы әкімінің бас инспекторы Бақытжан Жұмағұлов, жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері мен мекеме басшылары қатысты.
Келесі есептік жиын Жаңаталап ауылдық округінде жалғасты.
Онда округ әкімі Нұрхан Ақмағанбетов өз есебінде ауылдық округте атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталып өтті. Есепте ауыл тұрғындары түнгі мезгілдерде дүкендерде ішімдік сатуды тоқтату және қадағалау керектігін айтып өтті.
Жиында жарыссөзге шыққан зейнеткер Мысықбай Әбіхалықов Б.Сағынтайұлы көшесіне асфальт жабындысын төсеу мәселесіне тоқталды.
Сондай-ақ, Әбиірбек Сағынтаев жоңышқа және жүгері егетін егіс алқаптарында егін науқаны толық аяқталмай малдарды бос жіберуге тыйым салу керектігін айтты.
Жиын барысында Нұраш Сұлтанбеков және басқалары ескі дәрі сақтайтын қойманың орның тегістеп, сол орынға тал егу жұмыстарын жүргізу,елді мекеннің жайылымдық жерлерін аукцион арқылы шаруа қожалықтарына бермеу секілді көкейкесті мәселелерді алға тартты.
Ауыл тұрғындары ауылдық округ әкімінің жылдық қорытынды есебіне қанағаттанарлық деген бағаларын берді.
Есеп барысында ауыл тұрғындары тарапынан түскен сұрақтар бойынша, аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкей аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынатынын жеткізді. Ауыл әкіміне, бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ,Жайылма ауылдық округ әкімі Ж.Смағұловтың Қызылдихан ауылында 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептік жиыны өтті. Жиналысқа қатысқандар: Аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлы, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Дариябеков, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Ұзақбеков, жұмыспен қамту бөлімінің бөлімше басшысы А.Шужеев, Аудандық емхана бөлімінің БЖСК директоры А.Боханова, Сарысу Жарық-Сауда бөлімінің бөлімше басшысы Қ.Аймағанбетов, мекеме басшылары және жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар жиынға ауыл тұрғындары мекеме басшылары қатысты.
Жиынды Сарысу ауданы әкімінің орынбасары О.Көкей ашып, жиынның жұмыс регламенті көпшілік дауыспен қабылданды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, ауылдық округ әкімі Ж.Смағұлов 2019 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды.
Жарыс сөзге шығып сөйлегендер:
А.Жылқыбаев – ауыл тұрғыны, зейнеткер, ардагерлер кеңесінің төрағасы:
— Қорытынды есепке қанағаттанарлық бағасын берді. Қызылдихан ауылы жерінде көрші ауылдардың малдары (түйелері) жайылатындығын осыны ретке келтіруді және есепте тұратын адамдардың дәрілері уақытында жеткізілсе?
Ж.Смағұлов – Ауыл әкімі: Қызылдихан ауылының жеріне жайылып жүрген мал егелеріне ескертулер берілгендігін айтып өтті. Дәрінің уақытылы жеткізілмеуіне байланысты аудандық емхана бөлімшесінің БЖСК директоры Айда Дүйсенбайқызы жылдың басында сатып алу шарттарына байланысты кешіккенін және келесі аптадан бастап тұрақты уақытылы келіп тұратындығын түсіндіріп берді.
М.Умирбеков – ауыл тұрғыны.
Қызылдихан мектебіндегі ауыз су жүйесін ауылға кіргізілген ауыз су жүйесіне қосқандықтан жұмысшы қызметкерлер жұмыссыз қалғандығын айтты?
Ж.Смағұлов – Ауыл әкімі: 2019 жылы Қызылдихан ауылына ауыз су кіргізілгенін, қазіргі таңда осы ауыз суды ауыл тұрғындары толық қостырмай отырғандығын айтты, осының себебінен су бөліміне тиімсіз болғандықтан қосылып жатқандығын түсіндіріп берді. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табатын болады.
Жиын барысында айтылған ұсыныс-пікірлер, сын-ескертпелер бойынша іс-шара жоспары жасалынып, орындалуы бойынша бақылауға алынсын деген Сарысу ауданының әкімінің орынбасары О.Көкей қорытындылады.
Ал, Маятас ауылында есептік кездесуде Жайылма ауылдық округі әкімі Ж.Смағұловтың есептік жиынында атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Жиынды Сарысу ауданы әкімінің орынбасары О.Көкей ашып, жиынның жұмыс регламенті көпшілік дауыспен қабылданды.
Жарыс сөзге шығып сөйлегендер:
Б.Дүйсенбаев – ауыл тұрғыны, зейнеткер:
Қорытынды есепке қанағаттанарлық бағасын берді. Маятас ауылындағы Б.Қашқынбаев көшесіне көше жарығын орнатып беруге және ауыл сыртынан келетін шибөрі, қаңғыбас иттерді аттыруға ықпал жасасаңыз?,-деді.
Ж.Смағұлов – Ауыл әкімі: Б.Қашқынбаев көшесіне алдағы 2 ай мерзім ішінде, ауданнан үнемделген лампалармен көше жарығын орнатып беретіндігін және шибөрі, қаңғыбас иттерге ескертулер таратылғанын, 2 иттің егесіне айыппұл салынып, 2 иттің егесіне ескерту түрінде хаттама толтырылғанын, егесіз иттерді аттыруға хат жазылғанын айтып өтті.
Н.Қойшыбаев – ауыл тұрғыны, ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Қорытынды есепке қанағаттанарлық бағасын берді.
Егістікке мал түсу мәселесін ретке келтіру керектігін және Кенеге байланысты былтырғы жылы емделмей қалғандығын, биылғы жылы емдеу жұмыстары жасалынадыма?,-деген сауалға округ әкімі
— Егістік мәселесін биылғы жылы ретке келтіретіндігін және кенеге байланысты емдеу жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныс берілгендігін түсіндірді.
Ауыл тұрғыны Р.Әбденбеков болса
Маятас ауылына оптикалық интернеттің неге кіргізілмей қалғандығын сұрады.
Ж.Смағұлов – Ауыл әкімі: Облыстық сметалық құжаттары бойынша осылай жасалынғандығын және Маятас ауылына кіргізетін муфтының тасталғандығын, алдағы уақытта аудандық қаржыдан кіргізілетіндігін түсіндіріп берді.
Жиын барысында айтылған ұсыныс-пікірлер, сын-ескертпелер бойынша іс-шара жоспары жасалынып, орындалуы бойынша бақылауға алынатын болды.
Жиынды Сарысу ауданының әкімінің орынбасары О.Көкей қорытындылады.
Аудан орталығынан шалғайда жатқан Қамқалы ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің есептік жиыны өтті.
Онда өңірдің өркендеуі жолындағы тірліктер тізбектеліп, кезегін күткен мәселелер қозғалды.
Жиын басталысымен тұрғындар округ әкімінің есепті баяндамасын талқылауда белсенділік танытты.
Олардың тарапынан айтылған орынды ұсыныстар, құнды ой-пікірлер ауылды көркейтуге бағытталған.
Өзге де мәселелер сараланды.
Сондай – ақ, әр саладағы сауалын ортаға салған ауыл ақсақалдары да ой бөлісті.
Қамқалы ауылы бойынша көтерілген сұрақтар:
Ә.Сағниев — зейнеткер;
Жайлаукөл-Шығанақ бағытындағы автокөлік жолын жөндеу және мал шаруашылығын өсіру (дамыту) мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар ауылдағы малдарды асылдандыру бойынша жұмыстарда ортаға салынды.
Кәсіпкерлік бағытында курстарды оқыту, бағдарламаларды түсіндіру мәселесі (ауылға келіп оқыту) көп көкейінде жүрген жәйтте жеткізілді.
Ал, ұстаз Д.Нақыпбекова атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты сауалдарына нақты жауап ала алды.
Қамқалы ауылдық округіндегі есептік жиын Жайлаукөл ауылында жалғасын тапты.
Ауылдық округ әкімі Алпыс Исабаев ауыл тұрғындары алдында жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқталды. Атқарылған жұмыстар бойынша зейнеткер
Е. Аманжолов ауыл ішіндегі малды сыртқа жайылымға шығару жөніндегі ойын айтты.
Ауыл қариясы М.Әміров денсаулық басты байлық екенін жеткізе келе, жедел жәрдем көлігін Тараз бағытында жүргізу, ауыл тұрғыны А.Билібаев ауылды көркейту туралы ойларымен бөлісті.
Осындай есептік жиындар аудан бойынша әлі де жалғасын табуда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.