A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыл ажарланып, жоспар орындалуда

300

Түркістан ауылдық округінің 3 елді мекенінде 1437 тұрғыны бар. Ауылдық округтің негізгі бағыты ауылшаруашылығы саласы. Округте 1009 қазақ, 396 күрді, 11 орыс, 4 украйн, 15 әзәрбайжан, 1 ұйғыр, 1 өзбек ұлтының өкілдері тұрады.
Мұндағы 70 шаруа қожалығының 61-і егістікпен айналысады.
Өткен жылы диқандар 13 103,1 гектар аумаққа дәнді дақылдар орналастырылып, жоспарды 2,7% артық орындады (12998,8 га). (күздік бидай 2067,7 га — 100,37%, арпа 3383,3 га — 102,52%, мақсары 5399,3 га — 104,23%)
Егістік жер алқабын тыңайтып, ауыспалы егіс жүйесін пайдаланатын диқандар 2 252,8 гектарға жоңышқа орналастырса (жаңа жоңышқа 452,8 бұрынғы жылдардағы жоңышқа – 1800,5 га), парға 248,3 гектар жер қалдырды.
2021 жылдың өнімі үшін 3463 га жерге күздік бидай егілді. 5000 га арпа, 3000 га мақсары, 2000 гектардан аса жоңышқа (оның ішінде 500 га жаңа жоңышқа) егілу жоспарлануда.
«Саудакент» несие серіктестігі арқылы 2020 жылы 13 шаруашылық құрылымдары көктемгі егіс-дала жұмыстарына 38 млн. теңгеге жанар-жағармай мен тұқым алған болса, биылғы жылға тағы 15 шаруашылық құрылымдары 50 млн. теңгеге өтінім берді.
28 шаруашылық 421,5 тонна минералды тыңайтқыш пайдаланды.
(2021 жылға жалпы жер көлемі — 53607,85 га, о.і.: а/ш мақсатындағы жер – 40212,0 га, жайылымдық жер – 26752,56 га, егістік алқаптар – 13459,64 га.
Егін жинау науқанына 26 комбайн, 32 автокөлік қатысты. Күздік бидайдың өнімділігі — 19,6 центнерден, жаздық арпаның өнімділігі — 20,1 центнерден, майлы дақылдардың өнімділігі 7 центнерден айналды.
Аудандағы 21 астық қоймасының 18 осы округ аумағында орналасқан.
Осы жылы 2 кәсіпкер жеке қаражаттарына астық сақтайтын қоймалардың құрылысын жүргізді. Келер жылы «Ынтымақ» шаруа қожалығы қосымша 1 қойма салуды жоспарлауда.
Шаруалар күзгі дала жұмыстарына кірісіп, 2021 жылдың өнімі үшін 3463 га жерге күздік бидай тұқым септі.
Үстіміздегі жылы шаруашылықтар ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағытында да белсенділік танытты. Олар лизингке және жеке қаржыларына 13 бірлік техника алды. Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту артығымен орындалды.
Мал шаруашылығы саласының дамуында да оң динамика қалыптасты.
2020 жылдың қорытындысы бойынша МІҚ 1450 басты, қой-ешкі 15435 мың басты, жылқы 803, үй құстары — 3076 басты құрады.
Өндірілген өнімдердің де көлемі артты.
Ауылдық округ бойынша мал емдеу шаралары жоспарға сай толық атқарылды.
Ветеринариялық пункт пайдалануға беріліп, бүгінгі күні толығымен жұмыс атқаруда.
46 иесіз ит ауланды.
«Конго Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруынан қорғау, кене шағудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жоспарлы жүргізіліп, кенеге қарсы қауіпті аймақ тізіміне кіргізілген Арыстанды, Қаратас ауылдары ІІІ-кезең бойынша толығымен залалсыздандыру, дәрілеу жұмыстарынан өткізілді. КҚГҚ-нан округ тұрғындарын сақтау үшін Ә.Бүркітбаев ауылы мен Үшбас ауылдарын да жоспарға кіргізу қажеттігі туындауда.
Шаруашылықтар мен тұрғындар жем-шөп қорын жеткілікті мөлшерде дайындады.
8 шаруашылық электр өндіретін күн батереяларын орнатты және құдық қаздырды.
Мемлекет есебіне өз мақсатында пайдаланбай отырған 16 азаматтың 103,8 гектар егістік, 7020,3 гектар жайылымдық жерлерін қайтаруға тиісті орындарға ұсыныс берілді.
Кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерге өткен 1 аукционда 50,0 сотық жер телімі жеке меншікке сатылды.
Ауылдық округте барлығы 85 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оларда 151 адам жұмыс істейді.
Азық-түлік сататын 6 дүкен халыққа қызмет көрсететіні аудан және ауыл әкімдерінің есептерінде кеңінен айтылды.
Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықовтың ауданның 2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы есебі тыңдалды.
Қорытынды есептік баяндамада аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға жан – жақты тоқталып, ауқымды жұмыстардың іске асырылғандығын айтып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды.
Баяндама аяқталған соң ауыл тұрғынлары тарапынан сұрақтар қойылды.
Ауылдық округтегі ақсақалдар алқасының төрағасы Бимбетов Дәуітбек: — Ауылымыздағы жастарымыз спортпен шұғылдану мақсатында, спорт кешені соғылса.
Ауылдық округте мал терісі мен жүн көптеп ауыл маңында шашылып жатыр, осыған орай мал терісі мен жүндерін сату жолын қарастырып берсеңіз,-деді.
Сондай-ақ, Дәндібаев Өсербай электр жарығы ауылда жиі сөнеді, ауыл ішілік, ауыл арасындағы электр бағаналарын ауыстыру қажет.
Ауылымызда жайылымдық жер көлемі тар, ауыл маңы егістік. Жайылымдық жер көлемін ұлғайтып берсеңіз деді.
Арыстанды ауылында «BEELINE» ұялы байланыс жақсы жұмыс істейді, алайда 2020 жылдың күз айында орнатылған «ACTIV» ұялы байланысы мүлде жұмыс істемей кедергі жасауда, осы мәселе де кездесуде айтылды.
Жуаншалова Гулнар:
— Ауылымыздың демографиялық өсімі жақсы деңгейде, «Ер Төстік» бөбекжай бақшасының ғимаратын үлкейту жайлы ойын ортаға салды.
Сұлтанбеков Фархад болса ауылымызда орналасқан Ақырқа асуы ауылымыздың жайылымдылық жері, жаз айларында күн ысыған уақытта мал су ішетін мүмкіндік болмайды су көздері тартылып кетеді. Ақырқа асуына су ұңғымасын қазып берсеңіз деді.
Сұраныстарға аудан әкімі толық жауаптарын берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.