A place where you need to follow for what happening in world cup

Ауыл әкімі есеп берді

6 340

Жылдағыдай аймақ әкімдері халық алдына шығып, өздерінің атқарған жұмыстары жайлы есеп бере бастады. Осындай жиналыстың бірі 2021 жылдың 18 қаңтар күні Шығанақ ауылдық округ әкімі Е.Үсеновтің Бурылбайтал станциясы мен Байтал ауылының тұрғындарымен есеп беру жиналысы болды.
Шығанақ ауылдық округ әкімі Е.Үсенов 2020 жылдың қортындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебінде күнтәртібіндегі мәселелер бойынша баяндады.
Жиналыс барысында ауыл тұрғындары тарапынан қозғалған тақырыптар:
Ауылды көгалдандыру жөнінде ауыл тұрғыны ұсынысын жеткізді.
Байтал атауын бұрынға тарихи Бұрылбайтал атауын қайтару туралы ауыл тұрғындары пікірлерін білдірді.
Байтал ауылындағы балаларды Шығанақ орта мектебіне тасымалдауға шағын автобус бөлінсе деген ұсыныс айтылды.
Жиынның соңында барлық мәселелер толық қаралатындығы және айтылған ұсыныс, өтініштер назарға алынып бақылауда болатындығы айтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.